Хромтауда анасымен ұрысқан ер адам үй заттарын өртеп жіберді

    Ақтөбе облысының Хромтау ауданының тұрғыны өз үйіндегі бағалы заттарды қасақана өртеп жіберген. Оның бұл қадамға баруына анасымен сөзге келіп қалғаны себеп болған.

    Оқиға 1 сәуір күні Хромтау ауданының Ақбұлақ ауылында болған. Іс материалдарына қарағанда, 35 жастағы ер адам анасымен арадағы жанжалды қылмыс жасауға болмашы сылтау қылып, үйдегі теледидар мен кілемдерді, киімдерді өртеп жіберген. Оның бұл әрекетінен жәбірленушіге 300 мың теңгеге залал келген. Сот отырысында ер адам өзіне тағылған айыпты толықтай мойындады. Айтуынша, сол күні ол үйге ішімдік ішіп келген. Кейін анасымен жанжалдасып қалған ол үй заттарына от қойған. Көршілері үйдегі өртті сөндірген кезде ол барлығын далада қарап тұрған көрінеді. Сотта анасы ұлына кешірім беретінін айтып, оған жаза тағайындамауды сұрады.Дегенмен Хромтау аудандық сотының судьясы А. Балмұханов сотталушыны ҚР Қылмыстық кодексінің 202-бабының 2-бөлігі ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру") бойынша айыпты деп тапты. Сот үкімімен оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.Сондай-ақ ол 240 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ембіліктер салат ұрлағаны үшін істі болды
  • Жұмыстасын буындырып өлтірген ер адам 15 жылға сотталды
  • Қандыағашта күйеу баласы енесін пышақтап тастады
  • 7 жастағы қызды зорлаған педофил жазаланды
  • Астанада бұрынғы әйелін өртеп жіберген Қанат Сәдуовке жаза кесілді
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге