Ақтөбеде сот қызметкері сауна иесінен ақша талап еткен

    Ақтөбе қаласының мамандырылған әкімшілік соты кеңсесінің қызметкері алаяқтық жасағаны үшін заң алдында жауап берді. Сот 32 жастағы Ғалымжан Абжапаровты 2 жылға бас бостандығынан айырды.

    Іс материалдарына қарағанда, 2018 жылдың 20 сәуірінде Ақтөбе қалалық ІІБ учаскелік полицейлері жезөкшелікпен айналысуға сауна берген кәсіпкерге хаттама толтырып, сотқа жолдайды. Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік соты оған 361 мың теңге айыппұл салып, саунаның қызметін 1 айға тоқтату туралы шешім шығарады. Осы сот отырысына Ғалымжан Абжапаров хатшы ретінде қатысады. Кейін ол жеке кәсіпкермен кездесіп, айыппұл төлеу мерзімін жыл соңына дейін ұзартатындығын және ішімдік сатуға лицензиясын тоқтатпайтындығын айтады. Бұл қызметі үшін ол әйелден 150 мың теңге сұрайды. Алайда кәсіпкер
    З. Құрбанова ақшасы жоқтығын айтып, 50 мың теңге беруге келіседі. Бірақ ол сотталушы айтқан уақытта қаржы таба алмаған. Сөйтіп, 2018 жылдың 23 мамырында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаментіне шағымданады. Сотталушы Ғалымжан Абжапаров жеке кәсіпкерден 50 мың теңгені алу кезінде қолға түсті. Сот оты-рысында ол кінәсін мойындап, бас бостандығынан айырмауды сұрады. Ал жәбірленуші сотта сотталушыға беретін қаржысы болмағандықтан, оны жолдас-тарымен бірге саунаға тегін түсіргенін айтып салды.Кейін шыдамы таусылғандықтан құзырлы органдарға шағымдануға мәжбүр болыпты. Бұған дейін бостандықта жүрген бұрынғы сот қызметкері сот залынан қамауға алынды.
    -Сотталушы Ғалымжан Абжапаров ҚР Қылмыстық Кодексінің 24-бабының 3-бөлігі, 190-бабының 3-бөлігі 2- тармағында көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Оған өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс атқаруға құқығынан айыра отырып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сотталушы, сот залынан қамауға алынсын,-деді Ақтөбе қаласының №2 сотының судьясы Ерлан Бақытжан.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде жоғары лауазымды полиция қызметкері қамауға алынды
  • Қытай азаматынан 150 мың теңге пара сұраған полицей жазасын алды
  • Тұрғын үй инспекциясының қызметкері 7 млн теңге ұрлаған
  • Қыз алып қашқан ақтөбеліктер сот залында қамауға алынды
  • Екі адамның өліміне себепкер болған әкімдік қызметкері сотталды.
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге