Ақтөбеде еңбек өтілі аз шенеунік басшылық қызметке тағайындалған

    Ақтөбе облысының Алға ауданында үш бірдей шенеунік қызметіне толық сай емес деп танылды. Олар ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысын еңбек өтілі жетпегеніне қарамастан, басшылық қызметке тағайындағаны үшін жазаланды.

    Әдеп кеңесінде Алға ауданы әкімінің орынбасары Әнуарбек Қонжар, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық және қаржылық жұмыстар бөлімінің басшысы Бауыржан Досымов және аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Ескендір Бекішке қатысты тәртіптік іс қаралды. Өйткені шенеуніктер ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қайрат Мусинді жаңа қызметке заңсыз қабылдаған. Қызметтік тексеру кезінде комиссия құрамында болғандардың жаңа басшының қызметтік тізімін қарамай, шешім қабылдағаны белгілі болды. Белгілі болғандай, 2017 жылдың 3 шілдесі күні бос орынға байқау жарияланып, оған бір ғана үміткер тіркеледі. Алайда оның басшылық қызметті атқаруға 10 айлық еңбек өтілі жетпеген. Соған қарамастан комиссия құрамында болған шенеуніктер үміткердің қызметтік тізімі мен еңбек өтіліне қарамай, басшылық лауазымға тағайындаған.
    -Біз комиссия мүшесі ретінде үміткерге сұрақтар қойып, оған нақты жауаптар алдық. Ал үміткердің еңбек өтілін қарап, тексеруге кадр бөлімі жауапты болды. Қайрат Мусин бұған дейін аумақтық ауыл шаруашылығы инспекциясын басқарды. Басшылық қызметті атқарғандықтан оның қызметтік тізімін тексерген жоқпыз. Әрі ол жоғары білімді, ветеринария ғылымдарының кандидаты, - деді аудан әкімінің орынбасары Әнуарбек Қонжар.
    Айта кетейік, Әдеп кеңесі барлық шенеуніктерге бірауыздан қызметіне толық сай емес екендігі жөнінде ескерту жасады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде тұрғындарға дөрекілік танытқан шенеуніктер жазаланды
  • Жыртылған орындық дауынан кейін ақтөбелік шенеунік жазаға тартылды
  • Мұғалжарда оқушылардың ыстық тамағы ата–аналарға таратылған
  • Жұмыстан қуылған 9 полицей ІІД-мен соттасып жатыр
  • Жұмысқа мүлдем келмей қойған шенеунік қызметінен босатылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге