Өртенген автобусқа қатысты іс сотқа жолданды

    Ақтөбе облысының прокуратурасы Ырғыз ауданында өртенген автобустағы Өзбекстанның 52 азаматының мерт болуына байланысты істі сотқа жолдады.

    Аталған істе бес адам айыпталушы деп танылған. Оның үшеуі автобус жүргізушісі, сондай-ақ «Азия транзит сервис» ЖШС-нің екі қызметкері - құрылтайшы мен серіктестіктің механигі. Айыпталушылардың міндеті - сапарға шығар алдында автобусты тексеру болған. «Компания құрылтайшысының әрекеті коммерциялық ұйымдарда міндеттеріне адал қарамау (ҚК-нің 254-бабы), екі және одан көп адамның қаза болуына әкеп соққан жарамсыз автокөлік құралын пайдалануға енгізу, сондай-ақ ресми құжатты қолдан жасау, көрінеу жалған құжатты пайдалану (ҚК-нің 385-бабының 1 және 3-бөліктері) ретінде сараланды»,- делінген хабарламада. Механиктің әрекеті екі және одан көп адамның қаза болуына әкеп соққан жарамсыз автокөлік құралын пайдалануға шығару (ҚК-нің 348-бабының 4-бөлігі) ретінде танылып отыр. Ал автобус жүргізушілерінің әрекеті екі және одан көп адамның қаза болуына әкеп соққан көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу (ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі) және екі және одан көп адамның абайсызда қаза болуына әкеп соққан өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу (ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігі) ретінде сараланған. «Сот автобус жүргізушілеріне қамауда күзетпен ұстау түрінде бұлтартпау, серіктестіктің басшысы мен механикке қатысты кепіл түрінде бұлтартпау шарасын таңдады. Автобус иесіне күзетпен қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасы тағайындала отырып, халықаралық іздестіруге жарияланды», - деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.
    Тағы белгілі болғандай, автобус өртіне қатысты сот
    отырысы Ырғыз ауданында болады. Ырғыз аудандық сотына 9 шілде күні Пернебековке, Қырғызбаевқа,Таңатовқа, Тілепбаевқа және Пердебаевқа қатысты қылмыстық іс түсті. Айыптау актісіне сәйкес, Пернебеков, Қырғызбаев және Таңатов көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзғаны, сонымен қатар өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін айыпталуда. Ал Тілепбаев өз міндеттеріне адал қарамағаны, көлік құралдарын сапасыз жөндеу және жалған құжаттарды дайындағаны үшін айыпталуда. Сот отырысының қай күні басталатыны әзірге белгісіз.
    Еске сала кетсек, осы жылдың 18 қаңтары күні Астана уақытымен сағат 10:30-да Ырғыз ауданының Қалыбай ауылына жақын маңда автобустан өрт шығып, оның салдарынан 52 жолаушы көз жұмған болатын.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Өртенген автобус жүргізушілерін қамау мерзімі ұзартылды
  • Өртенген автобус жүргізушілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды
  • Ақтөбеде өзбектер мінген автобус жол апатына ұшырады
  • Ақтөбеде 100-ден астам автобус жүргізушісі жылдамдығын арттырған
  • Ақтөбеде өртенген автобустың жүргізушілері қамалды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге