“Ақтөбе” ФК бұрынғы басшысы айыпталды

    “Ақтөбе” ФК бұрынғы басшысы айыпталды

    “Ақтөбе” футбол клубының бұрынғы директоры Мақсат Тумалиев пен “Ақтөбе Дизайн” жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Фархат Имашевтың соты басталды.

    Тумалиев клубты өткен жылдың қаңтар айынан бастап биылғы қаңтар айына дейін басқарды. Имашев “13 сектор” бірлестігінің белсенді жанкүйері, клуб символикасының фаншоп қожайыны. Өткен жылы ол “Керуен” сауда орталығынан фаншоп ашып, кейін стадионға қарсы беттегі “AKTOBE OTBASY” дүкеніне көшкен болатын.
    Қазір Тумалиев пен Имашевтың 189 баптың 4 бөлімі, 2 тармағы – өте үлкен көлемде сеніп тапсырылған мүлікті иемдену бойынша айыпталып жатыр. Клуб тендер рәсімін өткізбестен 10 миллион теңгені “Ақтөбе Дизайн” жеке кәсіпкерлігіне аударған. Қаражатты клуб белгісі бейнеленген футболкаларды “AKTOBE OTBASY” жеке фанаттық дүкенде сату мақсатымен жіберген.
    Фархат Имашев 2015 жылдан бері клубқа жарнамалық құрылымдарды монтаждау және бөлшектеу қызметін көрсетіп, ақпараттық стендтер дайындап келген.
    -Имашевтың футбол төңіре-гіндегі қызметі Тумалиевпен әрмен қарай достыққа ұласып, тіпті өзара тиімді серіктестік байланыстарға дейін жалғасқан,- дейді мемлекеттік айыптаушы Жанар Қабдышева. – 2017 жылдың мамыр айының басында екеуі бірігіп “Ақтөбе” футбол клубына бөлінген қаржыны жұмсаудың қылмыстық жоспарын құрған.
    Тергеу анықтағандай, “Ақтөбе” футбол клубы мен “Ақтөбе Дизайн” жеке кәсіпкерлігі келісім шарт жасасып, әкелінбеген тауар үшін ақша аударылған.
    Мекеме акцияларының 100 пайызы Ақтөбе облысының қаржы басқармасына тиесілі екенін ескерсек, қызметтер мен тауар сатып алудың барлығы мемлекеттік сатып алу порталы арқылы өткізілуі қажет,- деп жалғастырды өз сөзін мемлекеттік айыптаушы. –Оның үстіне тауарды жеткізбегені үшін бұлтартпас жауапкершілікке тартылады. 2017 жылдың 11 мамырында Тумалиев мемлекеттік сатып алу туралы заңды бұзып, сатып алуды жүргізбестен 10 миллион теңгеге футболка жеткізу үшін келісім шартқа қол қойған.
    Сотта прокурор есептеп бергендей, бір футболканың құны 2500-3200 теңгенің аралығы. Келісім шарт бойынша, клуб кәсіпкерге алдымен жарты ақшаны беріп, екінші бөлігін тауар жеткеннен кейін қабылдау-жіберу актісіне қол қойылған соң жіберуге міндеттелген.
    - “Ақтөбе Дизайн” ЖК келісімге қол қойылған соң 15 жұмыс күні ішінде, яғни 2017 жылдың 1 маусымына дейін тауарды жеткізуге міндеттелінген. Алайда, тауар келмегеніне көзі анық жетіп тұрса да, Тумалиев тағы 5 миллион теңгені аудару туралы екінші төлем тапсырмасына қол қояды,- дейді Жанар Қабдышева.
    Соңында клубқа ешқандай футболка әкелінбеген. Тумалиев Имашевтың 2018 жылғы 1 ақпанына дейін ақшаны қайтару туралы кепілді міндеттемесін қабыл алған.
    Ағымдағы жылдың 23 қаңтарына дейін кәсіпкер клубқа 5,6 миллион теңгені қайтарған. 23 қаңтарда қылмыстық іс қозғалып, келесі күні кәсіпкер қалған ақшаны клубқа қайтарған. Наурыз айында кәсіпкерге 1 миллион теңге айыппұл салынды.
    Мақсат Тумалиев пен Фархат Имашев сотта өз кінәларын мойындаған жоқ. – Клуб дүкенін ашу идеясын жанкүйерлердің өзі жеткізді. Ақтөбеде ресми емес өкілдер және дүкендер түріндегі әр түрлі дәрежедегі сауда нүктелері болды. 2017 жылдың көктемінде мен жұмыс бастағаннан бастап фаншоп ашу идеясын құрдық. Сол кезде “Ақтөбе Дизайн” ЖК де өзінің жанкүйерлік дүкенін ашқалы жатқанын жанкүйерлерден естідім. Ол кезде “Ақтөбе Дизайн” ЖК сол идеясын жүзеге асыруды тіпті бастап кеткен еді. Олар тауар жеткізушілермен тапсырыс рәсімдеп, алдын ала төлем жасады. Мұны естіген соң Имашевты шақырып алдым. Ол кезде маусымның тең жарты уақытын жоғалтып алған едік. Жанкүйерлер фаншопты тездетіп ашуды талап етті. Сосын Имашевпен келісім шартқа отырдым,- дейді Мақсат Тумалиев.
    Тумалиев клубтың формаларды оған дейін де жүздеген миллионға мемлекеттік сатып алуды өткізбестен алғанын, ал “Ақтөбе Дизайн” ЖК тауар мен қызметті әрқашан уақытымен жеткізіп, және олармен ондаған келісім шартқа отырғанын айтып сендірді.
    Тумалиев сотта келісім шартты бұрындары да мемлекеттік сатып алусыз өткізгенін, бюджетпен қаржыландырылатын кәсіпорынды алғаш рет басқарғанын айтып түсіндірді.
    -Сатып алусыз жасалынған келісім шарттың әрқайсысы өңкей 100 АЕК (240 500 теңге – автор.) көлеміндегі айыппұлдарға әкеп соқтырады. 2017 жылы жасалған маған қатысты 5-6 келісім шарт бойынша әкімшілік актілер 100 АЕК айыппұл құрайды,- деді Тумалиев.
    Бұрынғы бас директор аударылған 10 миллион теңгенің бюджет қаражатына ешқандай қатысы жоқтығын айтып сендірді.
    -Бізде бюджеттік және бюджеттік емес ақшаларға арналған бөлек шоттар жоқ. Бюджеттік қаржының бәрі таратылды. Бюджеттік емес түсімдер 200 миллион теңге болды. Бұл ақшалар билет сатылымынан, демеушілерден, УЕФА-дан, Қазақстан футбол федерациясынан, жарнамадан түседі. Бұл қаражатқа мұражай салып, фаншоп дүкенін ашып, оған тауарлар сатып алуға болатынын біз білеміз,- деді Тумалиев.
    Фархат Имашевтан сотта әзір жауап алынған жоқ. Қылмыстық істің қаралуы 13 шілдеде жалғасады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Мемлекеттік мекеме басшысы жарты миллион теңге айыппұл төледі
  • “Ақтөбе” футбол клубына жарты миллион теңгеге айыппұл салынды
  • “Ақтөбе” футбол клубы билеттердің онлайн-сатылымын бастады
  • Дмитрий Васильев қылмыстық істі тоқтатуды талап етті
  • “Ақтөбе” футбол қауымдастығының президенті қызметінен кетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге