14 жастағы жүкті қыз суицид жасамақ болды

    █ Ақтөбеде психологтар 14 жастағы жүкті қызды суицидтен аман алып қалды. Бұл туралы облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Нұргүл Бертілеуова хабарлады.

    Ақтөбеде балалар мен жасөспірімдерге арналған сенім телефонына ата-аналары мен бірге оқитын жолдастарынан жиі қысым көретін балалардан көп қоңырау түскен. Былтырдан бері жұмыс істей бастаған сенім телефоны балалардан биыл да қоңырау қабылдайды. Өткен жылы 483 бала қоңырау шалған.
    -Бұл қоңыраулар арқылы 483 баланың тағдыры шешілді. Сенім телефонының мақсаты - өмірдің қиын жағдайына тап болған балалар мен жасөспірімдерге психологиялық көмек беру,-дейді Нұргүл Бертілеуова. -Бізге былтыр 14 жастағы ерте жүкті болған қыз хабарласты. Бала ата-анасынан еш қолдау көрмеген. Әбден күйзеліске түскен. Қиындықтан шығудың жолын білмейді. Қоңырау шалған қыз суицидтің алдында болды. Мамандар онымен бірнеше күн қатарынан сөйлесіп, ата-анасымен табыстырып, олармен қарым-қатынасының дұрысталуына көмектесті. Кейін дәрігерге қаралды. Параллельді түрде баламен сөйлесіп отырып, әке-шешесіне де шығып отырдық. Бала оны білген жақ. Себебі, бізде бәрі анонимді.
    Білім басқармасының мамандары балалар арасында әлеуметтік зерттеу жүргізген. Мамандардың айтуынша, кейбір балаларға ата-анамен және қатарластарымен тіл табысу, сырлас дос табу қиын соғады. Кеңес беріп қолдап отыратын адамы жоқ балалар тығырыққа көп кездеседі. Ата-анасымен және жолдастарымен тіл табыса алмай, үнемі күйзелісте жүретін балалардан түскен қоңырау көп болды дейді психологтар.
    - Әрбір үшінші қоңыраудың иесі сондай балалар. Балалар қазір өте қатал. Бір-біріне ұнамайтын тұстарын бетке тура айта салады. “Ұсқынсызсың” “Ақымақсың”, “Семізсің” деген сөздерді жиі айтады. Енді өсіп келе жатқан бала мұндай сөздерді шешілмейтін мәселе деп санап, бізге хабарласады,- дейді сенім телефонының психологы Жанат Байшуақова.
    Шағым айтып қоңырау шалғандардың ең кішісі 7 жаста болған.

    Психологтар 909000 телефоны арқылы қоңырау қабылдап, +77074139000 “What’s up” мессенджері арқылы жұмыс жүргізеді. Aktobe9090 – инстаграм желісіндегі аккаунты. ▲

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде жүкті әйелін несиемен тастап кететін еркектер көбейген
  • Ақтөбеде балалар арасында аурушаңдық күшейген
  • Қиындыққа кезіккен балалар үшін сенім телефоны
  • Ақтөбеде 14 жастағы қыз жүкті болып қалды
  • Штабқа 102 қоңырау түскен
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге