Кісі өлтірген мектеп түлегі сот алдына келді

    █ Ақтөбеде өз қатарласын пышақтап өлтірген Бекназ Кеңшілікке қатысты қылмыстық іс бойынша алдын ала сот тыңдалымы өтті. Сотталушының адвокаты Раушан Ізтілеуова төбелеске куәгер болған биылғы мектеп түлектерін сотқа шақыруды сұрады.

    Естеріңізге сала кетелік, қайғылы оқиға Ақтөбеде маусым айының 17-нен 18-не қараған түні болған еді. Төбелес кезінде №19 мектептің түлегі Азат Дүсіпов көз жұмды. Осыдан кейін пышақ жарақатынан көз жұмған баланың өліміне күдікті ретінде “Алтын белгі” иегері қамауға алынған. Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 17 жастағы жасөспірімнің өліміне қатысты алдын ала сот тыңдалымы өтті. Прокурор Азамат Байболатовтың айтуынша, мектеп түлегіне ҚР Қылмыстық Кодексінің 99 бабының 2 бөлімі (“Көрнеу кәмелетке толмаған баланы бұзақылық ниетпен өлтіру”) бойынша айып тағылып отыр. Бұл бап бойынша, сотталушыға 15 жылдан 20 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Сот отырысына сотталушы Бекназ Кеңшіліктің анасы қоғамдық қорғаушы ретінде қатысып жатыр. Әкесі заңды өкіл ретінде ұлын қорғайды. Ал адвокаты Роза Ізтілеуова судья Алтынбек Сабыровқа екеуара төбелеске куә болған биылғы мектеп түлектерін сотқа шақыруға өтінішхат түсірді. Сондай-ақ қайтыс болған бала мен сотталушының әлеуметтік желідегі жазбалары мен телефон қоңырауларына детализация жасалуын сұрады. Оның айтуынша, Бекназ Кеңшілік төбелестен кейін жарақат алған. Сол себепті ол КА-168/1 мекемесінен амбулаториялық картасын алдырып, дәрігерлерді қылмыстық істің қаралымына қатыстыруды өтінді.
    -Ата-анасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Мұндайды дұшпаныңа да тілемейтін шығарсың,-деді ол сот отырысы кезінде.
    Дегенмен судья сотталушының адвокаттарының өтінішхатының бір бөлігін қанағаттандырса, енді бірін басы ашық күйінде қалдырды. Сот отырысына сотталушы мен қайтыс болған баланың туыстары түгел жиналды. Марқұм Азаттың полицияда жұмыс істейтін әкесі Берік Дүсіпов сотқа жәбірленуші ретінде қатысып жатыр. Әзірге мектеп түлектерінің арасындағы төбелеске не себеп болғаны белгісіз. 8 тамыз күні Бекназ Кеңшілік 17 жасқа толған. Алдын ала сот тыңдалымы кезінде ол қылмыстық істің алқабилердің қатысуымен қаралуына қарсылық білдірді. Бұл іс бойынша басты сот талқылауы 4 қыркүйекке белгіленді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде жас түлекті пышақтап кетті
  • Ақтөбеде өгей ұлына азғындық жасаған әке сотталды
  • Ақтөбеде әріптесін атып өлтірген банк қызметкері сотталды
  • Прокурор Мұратхан Тоқмәдиді 12 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
  • Ақтөбеде анасын өлтірген келіншек сотталып кетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге