Ғазиза Жұбанова көшесінде оқ атқан кім?

    Ғазиза Жұбанова көшесінде оқ атқан кім?

    █ Ақтөбелік полицейлер қаруланған жүргізушіні тоқтата алмай, әуеге оқ атуға мәжбүр болды. Бұл туралы облыстық ІІД хабарлады.

    Айгерім ШЫМҚАЕВА
    kerekinfoaktobe@gmail.com

    Көлік жуатын орын маңынан екі бірдей машинаны соғып қашып кеткен “Ланд Крузер-200” автокөлігін полицейлер Ғазиза Жұбанова атындағы көшедегі айналма жолда ұстады. Қашқын жүргізуші полицейлерді көрген бойда көлігінен шығып, оларға қарсы тап берген. Полицейлердің “пышақты жерге қой” деген талабына құлақ аспай қаша жөнелген. Қарсыласқан жүргізуші қолындағы ұзын пышағын әрлі-берлі сілтеп, өткінші жолаушыларға қауіп төндірген. Полицейлер табель қару қолданып, күдіктіге ескерту ретінде әуеге оқ атады. Ұсталған жүргізуші есірткі пайдаланған. 44 жастағы күдікті азамат бұрын сотталған. Полицейлер оқиға болған жерден жиналмалы ұзын пышақты алып кетті. Зардап шеккен ешкім жоқ. Қазір осы оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодекстің 380-бап 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде кәсіпкер әкімдік ғимаратына көлікпен кірді
  • Ақтөбеде жүк көлігімен адам қаққан жүргізуші ұсталды
  • Ақтөбеде полицейлер қаруланған күдіктіні атып тастады
  • Полицейлермен атысқан ақтөбелік оққа ұшты
  • Жоғары лауазымды полицейлер күдікті атанды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге