Қол жоқ нәресте туған әйелге сот 400 мың теңге өндірді

    █ Өткен жылдың 30 шілдесінде облыстық перинаталдық орталықта қолының жартысы жоқ қыз бала дүниеге келген. Нәрестенің шынтағынан бастап қолы жоқ.

    23 жастағы әйел облыстық босану орталығында УДЗ тексеруден үш рет өткен. Алайда дәрігерлер іштегі нәрестедегі ауытқуларды уақытында анықтамаған. Кеміс қызды дүниеге әкелгеннен кейін жаңа туған нәрестенің ата-анасы үлкен күйзеліске ұшыраған. Себебі мұндай жағдайға моральдық түрде дайын болмаған. Олар облыстық перинаталдық орталықтан моральдық залал келтіргені үшін 3 миллион теңге талап етті.
    Сот отырысында жауапкер тарап жүкті әйелді генетик маманға жолдағанын айтты. Оның айтуынша, генетик ұрықтың дамуын егжей-тегжейлі қарайтын екінші деңгейлі УДЗ маманына жіберуші еді. Алайда жүкті әйел генетикке бармай қалған.

    Сондай-ақ, әйел жүктіліктің 1-2 апталық мерзімінде флюорографикалық тексеруден өткендіктен оған тереңдетілген тексерістен өту қажет екенін аурухана дәрігерлері уақытында түсіндірмеген. Әйел ол кезде жүкті екенін білмеген. Дәл осы мерзімде нәрестенің сүлдесі қалыптасатын болғандықтан рентген сәулелері аса қауіпті болады. Флюорография жүктіліктің үзілуіне әбден себепкер болады.

    - Мамандар барлық кінәні менің сенім білдірушіме үйіп тастауға тырысып бақты. Процесс кезінде анықтағанымдай, гендік болып саналмайтын кемістіктерді жүктіліктің 20-24 аптасында білуге болады екен. Талап беруші бұл мезгілде скринингтік тексеруден өтті. УДЗ маманының бұл мезгілде қимыл-тірек аппаратының кемістіктерін көрудің қиын екені туралы айтқан дәлелдеріне мен сенгенім жоқ,- деді талапкердің қорғаушысы Марина Макова.
    Мүгедек баланың анасы денсаулық сақтау басқармасына өтініш жіберіп, мамандар комиссиялық тексеріс жүргізген.
    - Комиссияның тексеру қорытындысында УДЗ жүргізген мамандар диагностикалық қателер жібергені туралы жазылған. Дәлірек айтқанда, қимыл-тірек аппаратының кемістігіне диагноз қоймаған. Яғни, қолдың бар-жоқтығын анықтауға мүмкіндік бар. Үш УДЗ кезінде де қоллы көрінбеген болса, дәрігерлер мұны байқап, дабыл қағуы керек еді,- деді қорғаушы Макова.
    Сот Айгүл Қаржанова бала ата-анасының қуыным талабын ішінара қанағаттандырып, перинаталды орталықтан 300 мың теңге, өкіл төлемдерінің шығыны үшін 100 мың теңге өндіруге үкім шығарды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Васильевке 700 мың теңге өндіріледі
  • Ақтөбеде ірі сәби дүниеге келді
  • Ақтөбелік келіншек бала босану үстінде қайтыс болды
  • Ақтөбелік дәрігерлер сәбидің өлімі үшін жауап берді
  • Ақтөбелік ана сәбиінің өлімі үшін өтемақы өндірді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге