Ақтөбеде спорт басқармасы футболшылармен соттаспайтын болды

    “Ақтөбе “ футбол клубының футболшыларына қатысты қалалық сотта екі бірдей шағым қаралып жатқан. Таяуда облыстық денешынықтыру және спорт басқармасы мен қаржы басқармасы бұл талап-арызды қайтарып алды.

    Белгілі болғандай, 2015 жылы клуб пен футболшылардың арасында жасалған келісімшартқа сәйкес, А. Антоновқа, В. Коробкинге, Ю. Логвиненкоге, А. Тағыбергенге, М. Хайрулинге, С. Хижниченко мен П. Шабалинге 160 млн теңгеден астам қаржы төленген. Сотта қаржы басқармасы футболшылардан артық төленген ақшаны бюджетке қайтаруды талап еткен еді. Артық төлем 2015 жылдың тамызында доллар курсының өсуі мен клуб басшылығы жасаған кіріптарлық келісімшарттық негізінде қалыптасқан. Ал екінші шағым Аделейе Айоделе, Монтечино Неко Данило, Сирино де Оливейра Данило секілді футболшылармен келісімшартты бұзғаны үшін өтемақы төлеуге қатысты болды. Облыстық спорт басқармасы келісімшарт пен келісімнің кейбір шарттарын жарамсыз деп тауып, шағымда көрсетілген қаржыны спортшылардан өндіруге тырысты. Таяуда клуб UEFA-дан (Еуропа футбол қауымдастығы одағы) ескерту хат алған. Онда сотта футболшыларға қатысты істі қарау тоқтатылмаса, клубқа жаңа санкциялар салынатындығы көрсетілген. Осыдан кейін облыстық спорт басқармасы мен қаржы басқармасы соттан футболшыларға қарсы шағымды қараусыз қалдыруын сұрады. Дегенмен облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов бұл шешімнің UEFA-ның ескертуіне қатысы жоқтығын айтады.
    - Қазір спортшылармен және Қазақстан футбол федерациясымен келіссөздер жүріп жатыр. Заңнамалық актілер аясында жұмыс істеледі. Олардың айлықтары төленген. Алайда өтемақыға қатысты қарыздар бар. Алдағы уақытта бұл мәселелер шешіледі,-деді ол.
    Ол клубтық биылғы маусымдағы футболшылар алдында ешқандай қарызы жоқтығын ерекше атап өтті. Естеріңізге сала кетелік, Ақтөбе футбол клубы сатуға қойылды. Бастапқы құны 100 млн теңге. Жаңа қожайын оны 7 жылға сенімгерлік басқару құқығына ие болады. Әзірге клубқа кімдердің қызығушылық танытқаны белгісіз. Тендер қорытындысы 9 қазанда белгілі болады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Шетелдік легионерлер “Ақтөбе” футбол клубын сотқа беріп жатыр
  • Дмитрий Васильев қылмыстық істі тоқтатуды талап етті
  • Футболшы Маркос Пизелли сотта жеңіліп қалды
  • “Ақтөбе” ФК сотта жеңілді
  • “Ақтөбе” ФК жаңа шабуылшысы
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге