24 адамды алдаған әйелге сот үкімі шықты

    Ақтөбеде арзан жер алып берем деп 24 адамды алдап соққан Бибігүл Алдияроваға қатысты сот үкімі шықты. Алаяқ әйел 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылды.

    Тергеу барысында оның 2013-2014 жылдар аралығында 24 адамның ақшасын қалтасына салып алғандығы анықталды. Зардап шегушілердің араларында тіпті халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері де болған.

    “Өз клиентерінен” алдын-ала төлем жасауды талап еткен ол Заречный ауылынан 4 мың долларға жер учаскесін алып беруге уәде еткен. Ал Сәңкібай батыр даңғылындағы “Tоyota-center” ғимаратының артындағы жер телімдерін 10 мың долларға бағалаған. Жұрттың сеніміне кіру үшін әкімдік пен жер комитетінде танысы барын айтқан. Сөзі өтімді болуы үшін мөр басылған құжаттар мен жер учаскелері белгіленген картаны көрсеткен. Алайда, кейін түрлі сылтаулар айтып, өз уәдесін орындаудан бас тартқан. Кейбіреулерден алған ақшасын да қайтарып берген.

    15 маусым күні №2 Ақтөбе қалалық сотының судьясы Нұрлан Бисени аса ірі көлемде алаяқтық жасаған 54 жастағы сотталушыны кінәлі деп тапты. Бірақ, прокурор 8 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған әйел сот залынан босап шықты. Нақтырақ айтқанда, сот үкімімен 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылды. Оның үш жылында Бибігүл Алдиярова арнайы бақылауда болмақ. Бұдан бөлек 54 жастағы әйел сот үкімі күшіне енетін 15 күн ішінде зардап шегушілердің ақшаларын қайтарып беруі тиіс. Мысалы, сотталушы Әмір Баспанов есімді жігітке 7 миллион теңге қарыз. Алаяқ әйел әзірге алған ақшасының тең жартысын ғана қайтарды.

    Алайда, зардап шегушілер мен алаяқ әйелдің арасында делдал болған жеке кәсіпкер сот үкіміне разы емес. Өйткені, судья Нұрлан Бисени бұған дейін сот процесіне зардап шегуші ретінде қатысып келген Миргүл Бірішбаеваға қатысты эпизод бойынша Бибігүл Алдиярованы ақтап шықты. Сот оған материалдық шығын келмеген, ол бар болғаны зардап шегушілердің ақшасын қайтарған деп шешті. Тіпті тергеу органдарына Бірішбаеваны жәбірленуші ретінде қылмыстық іске негізсіз қатыстырғаны үшін ескерту жасады.

    - Мен үкіммен келіспеймін. Қаншама шағым түскеніне қарамастан, оған бар болғаны шартты түрде жаза кесілгені түсініксіз. Ақшаны екі жыл қолданып, үстеме ақысыз өтеуге болады екен ғой сонда?! Оны ақтап, ал маған жала жапты деп отыр. Шындығында менің несие алып, сол үшін ақша төлегенімді зардап шегушілердің өздері де растап отыр. 2012 жылы да ол сот залынан осылай оңай құтылып кеткен еді. Оның орны түрме. Екі жыл бере алмаған ақшасын ол қалай 15 күн ішінде өтейді?!-дейді Миргүл Бірішбаева.

    Айтуынша, Миргүл Бірішбаева Бибігүл Алдияровадан зардап шеккен 4 адамның ақшасын төлеу үшін банктен 2 млн теңге несие алған. Сот үкімін “тым жеңіл” деп есептейтін делдал енді Жоғары Сотқа шағым түсірмек.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Алаяқтығы үшін үшінші рет түрмеге түсті
  • Сот “СНПС-АқтөбеМұнайГаздың” өкілін ақтап шықты
  • Алаяққа 19 адам алданды
  • Алты адамның өліміне себепкер жүргізушіге үкім шықты
  • Шенеуніктерге сот үкімі шықты
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге