“Алтын белгі” иегері 9 жылға сотталып кетті

    █ Ақтөбеде мектеп оқушысын пышақтап өлтірген Бекназ Кеңшілік 9 жылға бас бостандығынан айрылды. Ол жазасын кәмелетке толмағандарға арналған қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді.

    Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 17 жастағы Бекназ Кеңшілікке сот үкімі шықты. Кәмелетке толмаған жасөспірім ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша (“Көрнеу кәмелетке толмаған баланы бұзақылық ниетпен өлтіру”) айыпталған еді. Сот отырысы кезінде сотталушының жәбірленушінің өкпесі мен жүрегіне бірнеше рет пышақпен соққы жасап, оқиға орнынан қашып кеткені айтылды. Қылмыс қасақана жасалған деп танылды. Алайда мұнымен сотталушының анасы келіспейді. Ол марқұм Азат Дүсіповтің әке-шешесі мен туыстарынан кешірім сұрап, соттан ұлының жазасын жеңілдетуді сұрады.
    - Екі баланың білместігі, қателігі бізді осындай ауыр күйге түсіріп отыр. Ешкім баласын “пышақ ұстап жүр”деп тәрбиелемейді ғой. Ол бала болып ойнаған да жоқ, үнемі сабақ оқитын. Физика-математика мектебін үздік бітірді.Мектептің маңдай алды түлегі болды. Енді оған қасақана адам өлтірді деген ауыр айып тағылып отыр. Мен онымен келіспеймін Мен үй шаруасындағы әйелмін. Ал Азаттың әкесі заң органында 20 жылдан астам жұмыс істеген. Мүмкін бұл тағылған айыптың өзгеріссіз қалуына әсер еткен болар. Менің балам қорғану мақсатында жазатайым адам өлтірді деп ойлаймын. Аналық жанайқайыма құлақ асып, жазасын төмендетсеңіз деймін, -деді анасы.
    Сотта сөз алған сотталушының адвокаты Роза Ізтілеуова да Бекназ Кеңшілікке тағылған айыпты Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігіне ("Адам денсаулығына қасақана ауыр нұқсан келтіру") ауыстыруды сұрады.
    -Бұл менің 20 жылдық қорғаушылық қызметімдегі ең ауыр іс болып отыр. Екі жаққа да қиын. Мен Азаттың туыстарына “Халық жауы” болып көрінгім келмейді. Темір тордың ар жағында отырған шынашақтай баладан баскесер, қылмыскер жасаудың қажеті жоқ. Ол ата-анасынан Азаттың бейітінің басына барып, дұға оқуды сұрады. Сот отырысы кезінде басын көтерместен жылаумен болды. Ол бұзақылық жасамады, қасақана қылмыс жасамады. Оған тағылған айып жоғары деп есептеймін,-деді ол.
    Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім де соңғы сөзінде қылмысты әдейі жасамағанын айтып, ақталды.
    -Мен Азаттың өмірін қиғаным үшін күн сайын Алладан кешірім сұрап келемін. Сіздерден де кешірім сұраймын. Оны әдейілеп өлтіремін деген ойымда болмады. Төбелескім келмеген. Сондықтан жазаның әділетті болғанын қалаймын. Мәпелеп өсірген ата-анамнан да сары уайымға салып қойғаным үшін кешірім сұраймын,-деді ол.
    Дегенмен Азат Дүсіповтің әкесі оған кешірім бермейтінін айтып, заңмен жазалауды сұрады.
    - Мен оның пышақты тауып алдым дегеніне сенбеймін. Менің балам спортпен айналысады. Егер пышақ болмағанда, жағдай басқаша болар ма еді. Олар бастапқыда отбасымызға көмектесетіндігін айтып, артынан мазаққа айналдырды. Мен баламның өмірін ешқашан ақшамен есептемеймін. Қанша ақша берсеңіздер де, ол бала енді алдыма қайтып келмейді. Азаттың анасы да қайғыдан ауырып, жатып қалды. Сондықтан заңға сәйкес әділ шешім шығаруыңызды сұраймын, -деді ол.
    Судья Алтынбек Сабыров сотталушы Бекназ Кеңшілікті кінәлі деп тауып, 9 жылға бас бостандығынан айырды. Бұған қоса ол жәбірленушінің отбасына 2 миллион 650 мың теңге материалдық және 3 миллион теңге моралдық шығын төлеуі тиіс. Алайда сотталушының туыстары бұл үкіммен келіспейді. Олар тағылған айып тым ауыр деп есептейді. Сол себепті жақын күндері аппеляци ялық шағым түсірмек.
    Естеріңізге сала кетелік, қос түлектің арасындағы кикілжің мектеп бітіру кешінен кейін басталған. Бекназдың айтуынша, ол би алаңында Азат Дүсіповтың аяғын басып кеткен. Осыдан соң жәбірленуші оны жеке кездесуге шақырады. Ақыры өзара төбелестің соңы қайғылы оқиғамен аяқталады. Марқұм Азат Дүсіпов көп қан жоғалтқандықтан ауруханада ес жимай көз жұмған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Кісі өлтірген мектеп түлегі сот алдына келді
  • Ақтөбеде автобус жүргізушісін пышақтаған күдікті сотталып кетті
  • Ақтөбеде әріптесін атып өлтірген банк қызметкері сотталды
  • Ақтөбелік ер адам әкесі мен інісін пышақтап өлтірді
  • Мас күйінде адам қағып өлтірген ауыл әкімі 5 жылға сотталып кетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге