Ақтөбеде ішімдік ішкен жігіт полицейлерді ұрып тастады

    Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданында полция қызметкерлеріне қол көтерген тұрғын сотталды. Ішімдік ішкен жігіт оларды сабағанымен қоймай, бірінің пагонын жұлып алған.

    Оқиға қыркүйекте Ембі қаласындағы №7-ші орта мектепке қарасты мектеп-интернатта болған. Ішімдік ішкен бір топ жігіт оқушыларға арналған спорт алаңына кіріп, футбол ойнамақ болады. Оларға мектеп –интернаттың тәрбиешісі ескерту жасайды. Бұзақылар оған құлақ аспайды. Ақыры ол Мұғалжар аудандық ІІБ-нің Ембі қалалық полиция бөлімшесінің қызметкерлерін шықырады. Алайда 24 жастағы оқиға орнына келген полицейлерді жұдырықтап ұрып, бірінің киімінің иықбелгісін жұлып алған. Сот отырысы кезінде жәбірленген полицейлердің бірі сотталушының өзін балағаттап, бірнеше рет ұрғанын айтқан. Осыдан кейін ол күрес тәсілін қолданып, бұзақыны жерге жығып тастаған. Соңыра полиия қызметкерлері өздеріне тиіспек болған бір топ жігіттен қорғану үшін аспанға оқ атуға мәжбүр болыпты. Оқиға орнына қосымша полиция жасағы шақырылып, бұзақы полиция бөлімшесіне жеткізілген. Тергеу органдары ұсталған жігітке қатысты Қылмыстық кодекстің 380-бабының 1 бөлігі («Билік өкіліне қатысты күш қолдану») бойынша қылмыстық іс қозғады. 19 қазан күні Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында 24 жастағы жігітке сот үкімі шықты.
    - Сотталушы А. Кәдірхан ҚР ҚК-нің 380-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалсын.Оған пробациялық бақылау қойылып, мемлекеттік органның рұқсатынсыз тұрақты тұратын жерін өзгертпеу және мейрамханаларға, сыраханаларға, түнгі клубтарға бармау жүктелсін.Одан мәжбүрлі түрде жәбірленушілерге өтемақы қорына 36 мың тиеңге өндірілсін, -деді судья Ж.Кунаева.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ішімдік ішкен әйел полицейлерді “ешкі” деп тілдеген
  • Қандыағашта күйеу баласы енесін пышақтап тастады
  • Веб-дизайнер полицейді тістеп алды
  • Ішімдік ішкен мектеп директоры полицияға қарсылық көрсетті
  • Ақтөбе облысында 88 жастағы зейнеткерді ұрып өлтірген жігіт сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге