Анасы мен қызы алаяқтықпен айналысқаны үшін сотталды

    Ақтөбе соты екі бірдей адамды тақырға отырғызған анасы мен қызына үкім шығарды. Екі әйел алдымен өздерінің екі қабатты зәулім үйін шаруа қожалығының басшысына сатқан. Соңыра сол баспананы сыйға тартып, кейін ломбардқа салып жіберіпті.

    Сот материалдарына қарағанда, 60 жастағы зейнеткер мен оның 39 жастағы қызы 2015 жылы кәсіпкерге өздеріне тиесілі екі қабатты зәулім үйін сатып жіберген. Тіпті сөздері сенімді шығу үшін өзара алдын-ала жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату жөніндегі келісімшарт та жасаған. Алайда сатып алушының 10 млн теңгесін иемденген анасы мен қызы оған баспананы беруге асықпайды. 60 жастағы құжаттарды ретке келтіру кезінде үйді қызына сыйға тарту шартын рәсімдейді. Соңыра екеуі ломбард директорын баспаны кепілге беріп, 10 млн теңге қарыз беруге көндіреді. Анасы мен қызы алған ақшаны жарты жылда 8 % үстема ақымен қайтаруға уәде береді. Алаяқ әйелдер жәбірленушілерді бұл қаржының бизнеске қажет екендігін айтып сендіреді. Алайда нәтижесінде кәсіпкер ақшаны да, үйді де алмайды. Ал ломбард директорына алған қарыздың тек 1,5 теңгесін ғана қайтарған. Тергеу органдары анасы мен қызына ҚР Қылмыстық Кодексінің 190 бабының 4 бөлігі (Аса ірі көлемде алаяқтық жасау) бойынша айып тақты. Сотта әйелдер өздерінің кінәсіздігін айтып, ақтауды сұрады. Бірі денсаулығының жоқтығын, ал екіншісі балаларын жалғыз өзі асырап отырғандығын алға тартты. Алайда Ақтөбе қаласының №2 сотының судьясы Ербол Әбдіқалықов кінәлі деп тауып,олардың әрқайсысын 5 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушылар сот залынан қамауға алынды. Бұған қоса сот жәбірленушілердің азаматтық шағымдарын толықтай қанағаттандыруға үкім шығарды. Оған сәйкес, анасы мен қызына кәсіпкерге 10,6 млн теңге, ал ломбард директорына 8,5 млн теңге төлеуге міндеттелді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде қылмыстық топ мүшесі оқушыны есірткіге үйреткен
  • Ақтөбеде арзан жерден дәмеленгендер алаяқтың құрбаны болды
  • Алаяқ зейнеткердің 1 млн теңгесін алып кеткен
  • Емнің ақшасын өз мақсатына пайдаланған әйел сотта жауап берді
  • Белгілі заңгер 14 адамды тақырға отырғызған
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге