Ақтөбеде лифтіде болған адам өліміне кінәлілер сотталды

    Ақтөбе қаласының №2 сотында лифтіде жаншылып көз жұмған тележүргізушінің өліміне қатысты сот үкімі шықты. Айыптылаушылардың бірі сот залынан қамауға алынып, екіншісі шартты жазамен құтылды.

    Ақтөбеде бүкіл елді дүр сілкіндірген қайғылы оқиғаға соңғы нүкте қойылды. Ақтөбе соты 28 жастағы Айзат Әбдісаматтың өліміне қатысты айыпталған “Жанабек Сервис” ЖШС директоры Кенен Жанабеков пен механик Жарылқасын Ақжановқа қатысты сот үкімдері шықты. Олардың алғашқысы қайғылы оқиға болған № 19 үйге техникалық қызмет көрсеткен "Жаңабек-Сервис" пәтер иелері кооперативі серіктестігінің төрағасы Кенен Жаңабеков өзіне тағылған айыпты ішінара мойындады.
    - Бұл оқиғаның маған қарасты аумақта болғанына өкінемін. Тағы да отбасына, жақындарына көңіл айтамын. Әрине, бұл -өте үлкен қайғы. Мен қолымнан келгенше кешірім сұрап, көмектестім. Соттың әділ шешім шығаратынына сенемін. Менің жөндеу кезінде болған оқиғаға қатысым жоқ, бірақ мен кінәмді мойындаймын. Кейбір жерде қателік жібердім. Техникалық төлқұжат пен техникалық куәландыру болған жоқ. Бірақ бұл адамға зиянын тигізбейді. Өйткені бұрынғы ескі лифтілер әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Мен адамдардың жоғары қабатқа көтерілуі үшін жағдай жасадым. Ол жерде үлкен адамдар да, мүгедектер де бар. Әлі күнге дейін болған жағдайдан есеңгіреп жүрмін. Кейбір тұста қателік жібергеніме өкінемін. Заңның маған қатысты әділ шешім шығаратынына сенемін,-деді Кенен Жаңабеков.
    Ал лифт жөндеген Жарылқасын Ақажанов соттағы соңғы сөзінде өзін кінәлі санамайтынын айтты.
    - Мені лифт есігінің ашылып-жабылуына жауапты сымды ауыстырды деп айыптап отыр. Менің 30 жылдық тәжірибем бар. Бізде оны қоюға үзілді-кесілді тыйым салады. Өйткені бұл адам өліміне әкеп соғуы мүмкін. Мен лифт есігінің ашылып-жабылуына жауапты сымды ауыстырып қоятындай өз-өзіме жау емеспін ғой. Бұл кооперативте соңғы жылдары төрт механик ауысты. Бұл детальды солардың біреуі ауыстыруы мүмкін. Яғни, ақауды басқа адам жөндеген,-деді ол. Ол Айзаттың жақындарына көңіл айтып, қызының ана мейірімін көрмегеніне өкініш білдірді.
    -Қайғыларыңызға ортақпын. Бұл-орны толмас қаза. Арты жақсы болсын. Бір ғана нәрсе қабырғама батады. Ол -кішкентай сәбидің ана мейірімін көрмегені. Сол сәби жыламасыншы. Көзінен тек қуаныштың жасы ғана төгілсін,-деді Жарылқасын Ақжанов.
    Сотталушыларға ҚР Қылмыстық Кодексінің 306 бабының 3-бөлігі бойынша (Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) айып тағылған еді. Сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы оларды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы Кенен Жаңабеков қайғылы оқиғадан соң марқұмның отбасынан кешірім сұрап, қаржылай көмек көрсеткен. Ал екінші сотталушыдан жәбірленуші тарап 5 млн теңге моральдық өтемақы өндіруді сұрады. 19 қазан күні №2 Ақтөбе қалалық сотында судья Ербол Әбдіқалықов өз міндеттеріне салғырт қараған сотталушыларға әр түрлі жаза мерзімін кесті.
    -Сотталушы Кенен Жаңабеков кінәлі деп танылып, 4 жылға шартты түрде бас бостандығынан айрылсын. Ол 5 жылға коммерциялық ұйымдарда қызмет атқару құқығынан айрылсын. Ал екінші сотталушы Жарылқасын Ақжановқа 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Жазасын өтеу орны болып қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздіг төмен мекемесі белгіленсін Жарылқасын Ақжановқа қолданылған сотқа келу міндеттемесі өзгертіліп, сот залынан қамауға алынсын. Сотталушыдан жәбірленушінің пайдасына 2 млн теңге моральдық өтемақы өндірілсін, -деді Ербол Әбдіқалықов.
    Сот үкімін естіген сотталушылар көздеріне жас алды. Айзат Әбдісаматтың жұбайы Қайыржан Ерқасымов тағайындалған жазамен келісетіндігін айтты. Ал марқұмның апасы жаза мерзімін аз деп санайды.
    -4 жыл деген өтеді де, кетеді. Кішкентай сәбидің анасының орнын кім басады?!Бала қазір үш жаста.Оның өмірі әлі алда. Ол қазір анасын сұрамайды, “мама” деп айтпайды, -дейді Айзаттың апасы Жайнагүл Қарашолақова. Естеріңізге сала кетелік, тележурналист Айзат Әбдісамат биыл сәуір айында лифт есігіне қысылып, қайтыс болған еді. Қайғылы оқиға оның үш жастағы қызының көз алдында болған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Лифтіде қайтыс болған тележүргізушінің туыстары өтемақы сұрады
  • Лифтіде қаза тапқан Айзаттың соты басталды
  • Журналист қайтыс болған лифтінің ақауы анықталды
  • Ақтөбеде лифтідегі қайғылы оқиғадан соң тексеру жүріп жатыр
  • Ақтөбеде лифтіде болған кісі өліміне қатысты іс қозғалды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге