Ата-ана мұғалім мен мектептен 3 млн теңге талап етіп отыр

    Ақтөбеде күнделіктегі жазба үшін ата-ана педагогтардан 3 миллион теңге талап етуде. Олар осылайша ұлын “дәретке дұрыс отыра алмайды” деп кемсіткен мұғалім мен мектеп басшысын жазаламақ. Ал бір топ ата-ана мұғалімнің жағында. Олар басы дауға қалып, жұмыстан кетуге мәжбүр болған №11 мектеп-гимназияның мұғалімін қайтадан қызметіне алуды талап етіп отыр.

    Ата-ана мен мұғалім арасындағы дау ушығып бара жатыр. Екеуара дау биыл ақпан айында басталған еді. №11 мектеп-гимназияның мұғалімі оқушының күнделігіне “Ата-ана, балаңызға унитазды пайдалануды үйретіңіз!” деп жазып берген. Күнделіктегі жазбаны 2 сынып оқушысын қорлау деп түсінген ата-ана сотқа шағым түсірді.

    Осы оқиғадан соң мұғалім Татьяна Машкова сыныптың көзінше оқушысынан кешірім сұрапты. Артынша сөгіс алған мұғалім өз еркімен жұмыстан кетті. Қазір ата-ана мен мұғалімнің арасындағы дауды сот қарап жатыр. Алғашқы сот отырысына куәгер ретінде келген бір топ ата-ана Татьяна Машкованы қызметіне қайтаруды талап етуде.
    - Осы оқиғадан соң 22 ата-ана жиналып, қалалық білім бөліміне шағымдандық. Біз Азамат секілді бұзақының өз балаларымызбен бірге оқығанына қарсымыз. Мұғалімнің жағындамыз. 20 жылдан астам еңбек өтілі бар тәжірибелі ұстаздың №11 мектепте қайтадан сабақ бергенін қалаймыз,- дейді ата-аналардың бірі Ольга Кузнецова.

    Сотта мұғалімнің құқығын қорғаушы Марина Гридасова оқушының сотқарлығынан мұғалім ғана емес, сыныптастарының да зардап шеккенін айтады.
    - Ер бала сабақ кезінде еденде жорғалап жүрген. Сал ауруымен ауыратын қыз баланы күлкіге айналдырған. Тіпті мектептің киім ауыстыратын бөлмесінде балаларға жыныс мүшесін көрсеткен. Сот отырысында оқушының ата-анасы күнделіктің түпнұсқасын көрсеткен жоқ. Дәлелдері жеткіліксіз,-дейді адвокат.
    Алайда, қарсы тарап балаға психологиялық қысым көрсеткен мұғалім мен мектеп ұжымын жазалау керек дегеннен танбай отыр. Адвокат Дархан Мырзабековтің айтуынша, сот отырысында мұғалімнің этикаға сай емес мінез-құлық көрсеткендігі анықталған. Сол үшін де оған сөгіс жарияланыпты. Мұғалімнен психологиялық қысым көрген 7 жастағы бала ата-анасы мен ағасынан бөлек тұруға мәжбүр. Сондықтан шағымданушы тарап мұғалім мен мектептен 3 млн теңге моральдық шығын төлеуін талап етіп отыр.
    - Біз Шернияз көшесінде мектепке жақын жерде тұрамыз. Осы оқиғадан соң мектептегі сыныптастары мен ауладағы достары ұлымды күлкіге айналдырды. Балам тіпті сабаққа барғысы келмеді. Сол себепті біз психологтың көмегіне жүгінуге мәжбүр болдық. Оқу жылының соңында 8 мамыр күні баламызды басқа мектепке ауыстырдық. Қазір Алға ауданы Бестамақ ауылында тұратын әжесінің қолында.Бестамақтағы мектепке барып жүр,-дейді әкесі Аймұрат Жақсылықов.
    Ал “2 сынып оқушысын қорлады” деп айыпталып отырған Татьяна Машкова бар кілтипан ата-анада деп есептейді. Оның ойынша, Азамат бар болғаны екі арадағы даудың себепшісі ғана.

    - Мен мамандық таңдаған жылдары жұрт мұғалімді қадір тұтатын,-дейді Татьяна Машкова. Азаматтың ата-анасымен болған даудан соң, мұғалімнің құны қазір есіктегі жалшымен бірдей екенін түсіндім.Менің моралдық тұрғыда абыройым аяқ асты болды. Сол себепті мектептегі тәртіптік жазаға қарсы дау айтқан жоқпын. Ол аз болса, мені ақша жинады деп айыптады. Мен біреудің бір тиынын қалтама салған адам емеспін. Ол үшке әрең үлгеріп жүрген бала. Сабақ үлгерімін жақсарту үшін жұмыстан бос уақытымда оқытып жүрдім. Баланың аты - бала. Меніңше, бар бәле оның ата-анасынан, -дейді басы дауға қалған мұғалім .
    Әзірге ата-ана мен мұғалімнің арасындағы даулы іске нүкте қойылған жоқ. Кезекті сот процесі 26 маусымға жоспарланып отыр.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ата-ана мұғалімді сотқа берді
  • Соңғы 2 аптада үш оқушы өзін-өзі өлтірді
  • Ақтөбеде екі оқушы өзін өзі өлтірді
  • Мұғалім оқушыны ұрды деп айыпталды
  • Жанат Самұратова: “Ондай мұғалімнің құны көк тиын!”
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге