“Қоныс колониясынан қашқан” жігіт сотталды

    Ақтөбеде құмар ойынға әуестенген сотталушы қоныс колониясына оралуды ұмытып кеткен. Өкпе дертіне шалдыққан жігіт бір күн бойы қаланы емін-еркін аралап жүргені үшін сот алдында жауап берді.

    Әйтекебилік Бағдат Амангелдиев қарақшылық әрекеті үшін 5 жылға сотталады. Жазасын 2011 жылдан бас-тап Ақтөбедегі УКА 168/3 түзеу мекемесінің қоныс колониясында өтеп жүрген. Бостандыққа шығуына
    1 жыл 6 ай қалғанда тағы да істі болды.

    Тергеу барысында өкпе дертіне шалдыққан 23 жас-тағы жігіттің облыстық туберкулез диспансерінде емделіп жүргендігі анықталды.Алайда, 2015 жылдың
    12 ақпанында еркін жүріп-тұру құқығын пайдаланған сотталушы қоныс колониясына қайтып оралмаған. Оны келесі күні таңертең санитарлық бөлім бастығы Шернияз көшесіндегі аялдамалардың бірінде тұрған жерінен тауып алады.
    -Сотталушы туберкулездің жабық түрімен ауырады. Жазасын өтеушілерге дәрі-дәрмектерді мекеме қабырғасында беруге болмайды. Сондықтан ол менің рұқсатыммен туберкулез диспансеріне күн сайын ем қабылдауға барып жүрді. Кешкі сағат 16:00-ге дейін қайтып келуі тиіс болатын. Бұдан бұрын қашуға әрекет жасамаған. Дегенмен сол күні қоныс колониясына оралған жоқ. Сол үшін басшылық тарапынан сөгіс те алдым. Оны жұмысқа бара жатып, Пушкин паркі аялдамасынан кездестірдім. Қоныс колониясына кері қайтқысы келмеген еді. Алдап-сулап көндіруіме тура келді, -дейді куәгер ретінде шақырылған санитарлық бөлім бастығы.

    Сот процесі кезінде жазасын өтеуші букмекерлік кеңседегі ойынға алаңдап, қоныс колониясына қайтпай қалғандығын мойындады.
    -Кінәмді толықтай мойныма аламын. Тубдиспансерден шыққан соң Шанхайдағы букмекерлік кеңселердің бірінде құмар ойын ойнадым. Ақшаны қоныс колониясында жұмыс істеп жүріп таптым. Сөйтіп жүріп екі сағатқа қалай кешігіп қалғанымды да байқамай қалдым. Қоныс колониясына таңертең барамын деп шештім. Түнімен подъезде отырып шықтым. Аса ауыр қылмыс жасадым деп ойламаймын,-деді ол.

    23 маусым күні №2 Ақтөбе қалалық сотының судьясы Нұрлан Бисени сотталушыны айыпты деп танып, түпкілікті 1 жыл 9 айға бас бостандығынан айырды. Сотталушы жазасын Қарағандыдағы жалпы режимдегі абақтыда өтемек.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Алаяқтығы үшін үшінші рет түрмеге түсті
  • Азаматтық некедегі күйеуін өлтірген әйел 8 жылға сотталды
  • Танымал кәсіпкер мен зейнеткерді өлтірген жігіт 18 жылға сотталды
  • Шалқарлық жігіт 22 жылға сотталды
  • Полицияны жармақ болған телефон лаңкесі сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге