Ойыл ауданында малға вакцина жетіспейді

Аудандық ветеринар мамандар малға вакцина жетіспей жатқанын айтып, дабыл қағуда.

Мал ауруларына қарсы вакцинаның соңғы партиясы маусым айында келген. Бірақ, ол вакцинаның көлемі жеткіліксіз. Тіпті қазір үй малдарының кей ауруларына қарсы вакцина мүлдем жоқ.

  • Былтыр ауданда аусылдан 120 бұзау өлді. Бұл факт бізді қатты алаңдатып отыр. Аудан негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Тұрғындардың да басты уайымы осы аусыл болып тұр, - дейді мамандар.

Аудандық мәслихат депутаты Алтынзер Ақбисенованың айтуынша,  бруцеллезге қан анализінің нәтижелері кешігіп келеді.

- Қайыңды ауылдық округінің Ақжар ауылында мамыр айында жануарлардан бруцеллезге қан талдауын алды, ал нәтижелері маусым айының соңында келді, осы уақыт ішінде ауру жұқтырған жануарлар сау жануарлармен бірге жайылып жүрді. Зертханалар  неге баяу жұмыс істейді? - деді депутат.

Қалған барлық сұрақтарға облыстық ветеринария басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай  жауап бере отырып, талдаудың кешігу себептері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

 

Әлеумет
11:00, 08 июль 2022
911
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив