Сот бір басында 34 несиесі бар алаяқ әйелдің ісін қарап жатыр

    Сотталушының бір басында 34 несиесі бар. Одан бөлек алаяқ әйел таныстарының үйін банкке кепілге қойып, ірі көлемде несие алған.

    Төрт адамды алдап соққан 52 жастағы әйелге қатысты қылмыстық істің сотта қаралып жатқанына екі айдан асты. Алаяқтық жасады деп айыпталған әйелдің құрбандарының арасында

    73 жастағы зейнеткер мен өзінің жақын құрбысы да бар.
    Тергеу барысында Ақкенже Жанбаеваның 2005 жылы екі әйелді алдап соққандығы анықталды. Алаяқ әйел олардың біріне несие алып беруге көмектеспек болады. Бұл көмегі үшін 600 мың теңге алмақ болыпты. Ақыры үйін банкке кепілге қойған жәбірленуші баспанасынан айрылып қалды. Бұған қоса ол банктен алған несиені әлі күнге дейін төлеп келе жатқан болып шықты. Сенімге кірген әйел бала кезден бірге өскен құрбысын да өз кәсібін жүргізу үшін банктен ірі көлемде несие алуға көндіріпті. Алайда, алған ақшасын қайтарудан жалтарған.
    -Істің сотқа берілгеніне үш жарым жыл өтті. Осы уақыт ішінде қылмыстық іс

    11 рет тоқтатылып, 9 тергеуші ауысты. Кеше ғана банктің өкілі келіп, есігімді жауып кетті. Далада қалдым. Мен онымен бала кезімнен бірге өскенмін. Адалдығымды пайдаланып, мені үйсіз қалдырып отыр. Жасым елуге келгенде үйімнен айрылып, бәрін басынан бастағым келмейді. Денсаулығымнан айрылдым. Үйімді бір алды, ақшамды бір алды. Жазасын алуын сұраймын,-дейді алаяқ әйелдің құрбысы Дариға.
    Бұған қоса сотталушыға тағы екі дерек бойынша айып тағылып отыр. Бірінде ол “Арай” сауда фирмасының қызметкерінен 5 млн теңгеге тауық етін сатып алғандығы белгілі болды. Алайда, алған өнімінің ақшасын төлеуге асықпаған. Фирмаға қарыздар болған жәбірленуші ақшаны өзі төлеуге мәжбүр болған.
    Ал 73 жастағы зейнеткер Құттыбай Мұсаева 24 мың АҚШ долларынан айрылғанын айтады. Айтуынша, ол 2012 жылы келін-баласы жол апатынан қайтыс болған соң немерелерімен бірге тұратын үй сатып алмақ болады. Алайда, зейнеткер ұнатқан баспана банкте кепілде тұрған екен. Алаяқ әйел несиені жабу үшін 64 мың АҚШ долларын сұрайды. Дегенмен көрсетілген уақыт ішінде үйін сата алмаған әйел алған ақшасының тек 40 мың долларын қайтарып береді.
    Тергеу кезінде аталған пәтерге 16 рет тыйым салынғандығы анықталды. Бұған дейін сот зейнеткерге қайтарылмаған қаражатты екі есе көлемде өндіріп беру жөнінде шешім шығарған. Алайда, оның 6 млн 234 мың теңгесі әлі күнге дейін өтелген жоқ.

    -Ұлттық банктің мәліметінше, сотталушы күйеуімен бірге 642 мың АҚШ доллары көлемінде 34 рет несие алған. Банк -тен қарыз алғанына қарамастан, енді қаншама қарапайым халықты зар жылатып отыр. Бір қызы Мәскеуде, енді бірі Малазияда тұратын көрінеді. Менің ойымша, бұл ақшаның олардың жүріп тұруына жұмсалып жатқандығы анық. Сол себепті оның қатаң жазалануын сұраймын,-дейді жәбірленушілердің қорғаушысы Қаламқас Сағиева.
    Бүгінгі күні Ақкенже Жанбаеваның зардап шегушілерге келтірген шығыны 30 млн теңгеден асады. Мемлекеттік айыптаушы, оны алаятық жасағаны үшін айыпты деп тауып, 7 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Алайда, айыпталушы кінәсін мойындамай отыр. Сот үкімі 9 шілде яғни, бүгін белгілі болмақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Қазақтелекомның” алаяқ инженері екі адамды улап өлтірмек болған
  • 24 адамды алдаған әйелге сот үкімі шықты
  • Сот 5 адамды алдаған айелдің ісін қарай бастады
  • Алаяққа 19 адам алданды
  • Ақтөбеде алаяқ әйелдер көбейіп кетті
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге