Ақтөбеде өгей қызын өлімші еткен әке сотталды

    Ақтөбеде өгей қызын балталаған әкеге қатысты сот үкімі шықты. Айыпты деп танылған Тимур Дилметов 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айрылды.

    Оқиға биыл 9 наурыз күні Ақтөбенің Есет батыр көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде болған. Отбасылық жанжал кезінде 33 жастағы жігіт жұбайын оқтаумен сабап тастайды. Кейін полиция шақырмақ болған өгей қызын балталаған. Өлім аузынан қалған қыз қазір - мүгедек.

    Сот отырысы кезінде Тимур Дилметов өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ. Айтуынша,11 жастағы Айнаш Назарханованы туған анасы өлтірмек болған.
    Судья Мадина Сисенованың айтуынша, сотталушы бұл сөзді жазасын жеңілдету үшін айтып отыр.
    Үкім оқылған кезде сот залында Айнаштың өзі болған жоқ. Анасының айтуынша, ол қазір ем алып жатыр. Қыз бала басынан алған ауыр жарақаттан сал болып қалған. Тамыз айында Астанаға барып, ем алмақшы. Оған квота бойынша бірнеше ота жасалады. Дәрігерлер бас сүйегіне пластина орнатпақ.
    31 шілде күні сот үкімімен 11 жастағы қызын балталап өлтірмек болған өгей әке 15 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айрылды. Ол жазасын қатаң тежимдегі түзеу колониясында өтейді. Бұдан бөлек Айнаштың анасына 2 млн теңге моральдық өтемақы төлеуі тиіс. Айнаштың анасы Сәуле Янгибаева сот шешімімен келіспейді.

    “Моральдық өтемақы ретінде 10 млн теңге сұрғанмын. Сондықтан сот шешіміне разы емеспін. Бұрынғы күйеуім екі адамға қатысты қылмыс жасады.Яғни, сол күні мені де өлімші етті.Сотқа қайта шағым түсірмекпін”,-дейді ол.
    Сотталушының туыстары қандай да бір түсініктеме беруден бас тартты. Ал адвокаты апелляциялық шағым түсіретіндігін жеткізді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде өгей қызын өлімші еткен әке сотталды
  • Өгей қызын балталаған әкенің ісі сотта қаралып жатыр
  • Өгей әкесі балталап тастаған Айнаш мүгедек болып қалды
  • Танымал кәсіпкер мен зейнеткерді өлтірген жігіт 18 жылға сотталды
  • Айнашқа көмек қажет
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге