Ақтөбеде 8 жастағы қызды зорламақ болған жігіт сотталды

    Ақтөбеде оқушы қызды зорламақ болған педофилге қатысты сот шешімі шықты. Ырғыздық Нұрдәулет Жеткерген 15 жылға бас бостандығынан айрылды.

    Оқиға биыл мамыр айында Ақтөбеде болған. 22 жастағы жігіт туыстарының үйіне келеді. Есікті 8 жастағы нағашы қарындасы ашқан. Үйде ешкімнің жоқ екенін пайдаланған сотталушы оны зорлауға әрекет жасайды. Алайда, ол арам ойын жүзеге асыра алмаған. Жасөспірім қыз болған оқиғаны кейін анасына айтып берген.
    Прокурор Еркебұлан Ермекбаевтың айтуынша, сотталушы Ақтөбеге Ырғыз ауданының Құтикөл ауылынан келген.Қалыңдығын ерте келген ол туыстарымен алдағы тойдың мәселесін талқыламақ болыпты. Алайда, болашақ жұбайы ауырып, ауруханаға түскен. Сол себепті нағашы ағасының үйіне жалғыз келіпті.
    Сот процесіне бөтен ешкім қатыстырылған жоқ. Сотталушы өз кінәсін толықтай мойындаған.Мемлекеттік айыптаушы Нұрдәулет Жеткергенді 16 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.Ал жәбірленуші тарап туысы болғандықтан, педофилге жеңілдік жасаған.
    -Үш балам бар. Жәбір көрген қызым- үйдің үлкені.Осы оқиғадан кейін түнде ұйқысынан оянып, жылайтын болды.Тіпті ара-тұра кіші дәретін жіберіп қоятын жағдайға жетті. Қазір жағдайы жақсы. Дәрігерлер денесіне ешқандай зақым келмегенін айтады. Тек айына 2-3 рет психологқа апарамыз. Қазақы емге де көрсетіп жүрміз. Ойын баласы ғой, қазір бәрін біртіндеп ұмыта бастады. Сотталушы - жолдасымның алыс туысы. Оны әлі де кешірген жоқпын.Алайда, әкесі үлкен басымен кешірім сұрағандықтан, барлығын соттың қарауына қалдырдым.Моральдық шығын да сұраған жоқпын.Ағайыным болмағанда өмір бойы бас бостандығынан айыруды сұрар едім ,-дейді жәбірленушінің анасы.
    13 шілде күні сот Нұрдәулет Жеткергенді 15 жылға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі түзеу колониясында өтейді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде өгей қызын өлімші еткен әке сотталды

  • Жол апатына кінәлі ырғыздық азамат жазаланды
  • Бұрынғы полиция қызметкері алаяқтығы үшін сотталды
  • Шалқарлық жігіт 22 жылға сотталды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге