Республикалық спорт мектеп-интернат-колледждеріне 300-ден астам адам оқуға түсті

2022 жылы республикалық спорт мектеп-интернат-колледждеріне 332 оқушы оқуға түсті.  Мәселен, Алматыдағы Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне  40 адам (колледж) қабылданды. Мұндағы ең танымал спорт түрі-дзюдо, екінші орында еркін күрес, үшінші орында – велоспорт. Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы (Нұр-Сұлтан қаласы) олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіне 123 оқушы қабылданды (83 – мектеп, 40 – колледж). Ең танымал спорт түрі: грек-рим күресі, дзюдо және шорт-трек. Алматы қаласының «Шаңырақ» шағын ауданындағы «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесіне 50 шәкірт (колледж) түсті. Оқу орнындағы ең танымал спорт түрі: дзюдо, еркін және грек-рим күресі. «Риддер қаласындағы (Шығыс Қазақстан облысы) олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесіне  69 адам қабылданды (52 – мектеп,17-колледж). Ең танымал спорт түрі: шаңғы жарысы және биатлон.Республикалық спорт колледжіне (Алматы қаласы) 50 студент қабылданды, олардың көпшілігі бокс пен грек-рим күресін таңдаған.

 

Спорт
09:30, 05 сентябрь 2022
781
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив