БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ЭКС-БАСШЫЛАРЫ БАС ҚОСТЫ

    БІЛІМ САЛАСЫНЫҢ ЭКС-БАСШЫЛАРЫ БАС ҚОСТЫ

    Ұрпақпен өмір жолы жалғасады! Осындай тақырыппен өткен мерекелік кешке білім беретін мекемелердің 40-қа жуық ардагер басшыcы жиналды. Шара 29 қыркүйекте №10 жалпы білім беретін мектепте өтті.

    Арнайы жайылған дастарқанға қала мектептерінде, бала-бақшаларда бұрын басшылық қызмет атқарған ұстаздар жиналды. Шараны қалалық білім бөлімі кәсіподақ ұйымымен бірлесе ұйымдастырды.
    Биыл Ақтөбедегі мектеп пен мектептен тыс ұйымдарда 44 жас маман алғашқы еңбек жолын бас-тады. Оның сегізі қалалық білім бөлімінің жолдамасымен жұмысқа орналасқан.

    Құралай Қоразова, қалалық ғылыми әдістемелік орталығының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері:
    -Бұл мерекеге бұрынғы басшы педагогтар жиналып отыр. Олардың арасында мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері бар. Сол кісілерге арнап мерекелік концерт ұйымдастырдық. Бұл ұстаз-ардагерлер қазір зейнеткерлікке шықса да жас директорларға тәлімгерлік етіп отыр. Шараның бас-ты мақсаты – жас мамандарға өз ісін құрметтеу, ұстаздық ету жолындағы жауапкершілікті ұғындыру, сонымен қатар ардагерлерімізге құрмет көрсету.
    Кешке жиналған алдыңғы буын ұстаздар өз өмірлерінің қызығы мен қиындығы туралы әңгімеледі. Олар үшін үлкен жетістік – өздерінен білім алған оқушылардың азаматқа айналғандығы. Қай мекемеге барса да, шәкірттерін кездестіріп жүргендерін қуана айтты.
    Сәт Ғабдрахманов:
    -Мен 55 жыл ұстаздық еттім. Еңбек жолым 1955 жылы Гурьев облысы деп аталған аймақтың Родина деген колхозында басталды. Жеті жылдық мектепке мұғалім болып бардым. Мәртөкте, кейін Ақтөбеде еңбек еттім. Өзім физика-математика пәнінің мұғалімімін. Жолдасым Мәдина да орыс тілі мен әдебиетінің әдіскері болды.

    Рысты Байжарқынова:
    -№18 орыс мектебінде 14 жыл директор болдым. Математика пәнінің мұғалімімін. Осы салада 40 жыл еңбек еттім. Алғашқы ұстаздық қадамымды Шұбарқұдықтан бастадым. Ал сексенінші жылдары қалаға келіп, мұғалім, кейін директор болдым. Оқушылармен қатар, жас мамандарды да үйретуден жалыққан емеспін. Барлық ұстаздарды бүгінгі мерекесімен құттықтаймын.
    Елбасымыз айтқандай, болашақ ұрпақ – келешектің кепілі. Ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздардың еңбегі зор. Бүгінгі шараға келген жас мамандар өз кәсібін мақтан ететіндіктерін жеткізді.

    Айтолқын Мақсатқызы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, жас маман:
    -Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетін бітірдім. Россовхозы орта мектебінде алғашқы ұстаздық еңбек жолымды бастадым. Мамандығым өзіме қатты ұнайды. Аз уақыт болса да балаларға, ұжымға бауыр басып үлгердім. Әр оқушы бір-біріне ұқсамайтын тұлға. Сондықтан оларға білім беру – мен үшін үлкен мәртебе. Анам да ұстаз. Сол кісіге еліктеп өстім.

    Алмагүл Шоқан, мектепке дейінгі даярлық тобының мұғалімі:
    -Біздің басты мақсатымыз – балаларға жақсы білім, тәлім-тәрбие беру. №34 орта мектепте жұмыс істеп жүрмін. Жұмысыма, балаларға үйрендім. Еңбек етіп жатқан ұжымым, жұмысым өзіме ұнайды. Барлық ұстаздарды бүгінгі мерекелерімен құттықтаймын.

    Дархан Хамзин, информатика пәнінің мұғалімі:
    -№26 орта мектепте жұмыс істеп жүрмін. Алғашқы айым керемет өтті. Балалармен жұмыс істеген қызық әрі жауапты. Қазіргі балалардың бәрі ақылды, сабақ барысында ешқандай қиыншылықтар болған жоқ. Өзіме информатика пәні мектепте жүргеннен ұнады. Бұл салада жаңашылдық көп. Ал ұстаздық етіп, білгеніңді балаларға үйрету – мен үшін маңызды.

    Кешке қатысқан Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, өзінің алғашқы еңбек жолының қалай басталғаны, ұстаздары туралы еске алды.

    -Педагог ретінде мен үшін алғашқы қоңырау 1990 жылы соғылды. Өзім білім алған мектебіме ұстаз болып орналастым. Мына жас мамандар секілді мен де алғаш мектепке барғанда жан-жағыма жаутаңдап қарап тұрғанмын. Содан бері
    26 жыл өтіпті. Қазір мына отырған мықты ұстаздардың еңбек жолын көріп өскен, солардан тәлім-тәрбие алған педагогпын. Бұл кісілерден үйренеріміз әлі де көп. Алғашқы мұғалім болып табалдырық аттаған күнімді ешқашан есімнен шығарған емеспін. Әр жыл сайын
    1 қыркүйекте қоңырау үнін естімесем, мен үшін ол жыл толыққанды болып есептелмейді,- деді Ләззат Аманжолқызы.

    Кеште жас мамандар педагогтар қатарына өтіп, салтанатты түрде ант қабылдады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • ҚАРТТАРҒА КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ
  • ОҚУШЫЛАР ӘСКЕРИ ЖАРЫСҚА ҚАТЫСТЫ
  • Ақтөбенің оқушылары есепке шорқақ
  • Соңғы 2 аптада үш оқушы өзін-өзі өлтірді
  • “Үздік педагог отбасы” анықталды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге