Ғалымжан байдербес 80 жаста

    Ғалымжан байдербес 80 жаста

    ҚР білім беру ісінің үздігі, Ақтөбе педагогикалық институтының Құрметті профессоры, “Қос шынар” Әлия-Мәншүк қоғамдық қорының төрағасы Ғалымжан Байдербес 80-ге келді.

    Ақтөбе өңірінде Ғалымжан Байдербесті танымайтындар некен саяқ. Қазақтың батыр қызы Әлияның аты аталса, Ғалымжан Байдербестің де атын естиміз. Ол қырық жылдан бері Әлия Молдағұлова өмірі мен ерлігі туралы терең зерттеп келеді. Әрбір деректі жер-жерге барып, тірнектеп жүріп жинаған.
    Қазақтан шыққан қос батыр қыз туралы деректерді жинау барысында Ғалымжан Байдербес Мәскеу, Санкт-Петербург, Псков, Новосокольникиге дейін барып қайтты. Әлия мен Мәншүктің ізі қалған жерлермен байланысын әлі күнге дейін үзген емес.

    Ғалымжан Байдербес,“Қос шынар” Әлия-Мәншүк қоғамдық қорының төрағасы:
    -Барлық саналы ғұмырымды Әлияға арнадым. Деректер жинап, музей ашу кезінде қиындықтарды да көрдім. Әлия, Мәншүк, Хиуаз – қазақтың батыр қыздары. Бізге жеңіс осындай қаһармандардың арқасында келді. Сондықтан біз және біздің ұрпақ осындай батырларды ұмытпай, дәріптеуіміз керек.
    Мерейтойға орай ұйымдастырылған шара барысында Ғалымжан Байдербеске облыс әкімінің, қала әкімінің құттықтау хаттары, өзі жұмыс жасаған ұжымның, қоғамдық ұйымдардың, аудан әкімдерінің сыйлықтары тапсырылды. Сонымен қатар, Ресейден келген құттықтау жеделхаттары табыс етілді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫМЕН ҚҰРДАС ЕСКЕРТКІШ
  • Қырғыз актрисасы ”Қобданың құрметті азаматы” атануы мүмкін
  • Әлия Молдағұлованың туғанына 90 жыл
  • “Ржев шайқасының қаһармандары” атты кітап жарық көрді
  • Тағдыр талайы немесе Түркиядағы ырғыздық скрипкашы туралы
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге