Мақтаулы мектептер көрсеткіші нашар

    Мақтаулы мектептер көрсеткіші нашар

    Ақтөбедегі ең таңдаулы мектептер мен лицейлер аттестациядан өте алмай қалған. Одан бөлек биыл білім мекемесінің алты басшысы жемқор атанып, қызметінен қуылды. Бұл деректер мұғалімдердің тамыз мәслихатында айтылды.

    Өткен жылмен салыстырғанда биыл ҰБТ-дан қала мектептерінің көрсеткіші нашарлап кеткен. Көрсеткіші тәуір мектептердің арасында №2 гимназия, №24, 22, 1, 15, 41, 46, 50 мектеп, “Сымбат” және Қарғалы қазақ орта мектебі бар. Ал маңдайалды мектептер саналатын №21, 32 мен 51 бұл тізімде жоқ. Білім сапасы нашар мектептердің санатында №17 гимназия мен №27 лицей де жүр.

    -Оқушыларды қызықтыра білу керек. Қазір балалар бар уақытын әлеуметтік желілерде өткізеді.Сондықтан қолдарындағы телефон, смартфон, ноутбук арқылы қиын да, қызықты тапсырмалар беру керек,-деді тамыз мәслихатында әріптестеріне қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаева.

    Тамыз мәслихатында аттестациядан өте алмай қалған 5 мектептің жайы да айтылды. Жуырда №3,16,34 орта мектептер екінші мәрте сынақ тапсырған. Ал №20 орта мектеп- лицейі мен Мұхтар Арын атындағы Қарғалы қазақ орта мектебі сынақты қыркүйек айында қайта тапсырады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбе мен Мұғалжарда оқулық тапшы
  • Балаңыз біріншіге баратын болса...
  • Білім саласын жемқорлық жайлап барады
  • Білім саласын жемқорлық жайлап барады
  • Облыста құлағалы тұрған 4 мектеп бар
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге