“Ата Заң - алтын Заң” мерекесі

    “Ата Заң - алтын Заң” мерекесі

    Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар “Ата Заң - алтын Заң” деп аталды. Ақтөбеліктер оны ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында тойлады.

    “Ата Заң - алтын Заң” атты мереке жергілікті өнерпаздардың ән-биімен салтанатты түрде ашылды. Ертелетіп саябаққа келген жұрт “Наурыз”, “Інжу”, “Сұңқар” арт балеті, “Әлия Гүлі” би ансамбльдерінің өнерін тамашалап, жеңіл атлетика бойынша өткен эстафетаға қатысты.

    Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева ақтөбеліктерді Конституция күнімен құттықтап, мереке қарсаңында дүниеге келген сәбилердің ата-аналарына туу туралы куәліктері мен сыйлықтар берді. Сонымен қатар, Ақтөбе өңірінің мақтанышына айналған жас спортшыларға және эстафетаға қатысушыларға қала әкімінің Алғыс хаты мен арнайы сертификаттары табыс етілді.

    30 тамыз күні кешке дейін жалғасқан мерекеде жергілікті қолданбалы өнер шеберлерінің көрме-саудасы ұйымдастырылып, ауыр атлетикалық спорт түрлерінен ”Энергия улиц” атты шоу-фестиваль өтті.

    Сонымен қатар, орталық стадионда, “Ретро” саябағында, Металлургтер мәдениет Үйі алаңында және Пушкин атындағы саябақта мерекелік шаралар ұйымдастырылды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Конституция мейрамы қарсаңында 15 жұп шаңырақ көтерді
  • Ақтөбеде ұлттық спорт фестивалі өтті
  • Ақтөбеліктер Астана күнін тойлады
  • Ақтөбеліктер Астана күнін тойлайды
  • Ақтөбеліктер Жеңістің 70 жылдығын мерекелейді
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге