Болгарлардың музейі ашылды

    Болгарлардың музейі ашылды

    5 қыркүйек күні Алға ауданына қарасты “Болгарка” елді мекенінде Ақтөбе облысы болгарларының этнографиялық музей үйі ашылды.

    Бұл жерде 100 жыл бұрын келген алғашқы қоныс аударушылардың тікелей ұрпақтары тұрады. Музейдің ашылуына мұрындық болған да солар.

    Мұражайда болгар халқының бір ғасыр бұрын тұрмыста пайдаланған құрал-жабдықтары бар. “Дюзен” деп аталатын тоқыма цехы,
    105 жыл бұрын ағаштан жасалған шкаф, темір үтіктерді ауыл тұрғындары музей қоры үшін жинап берген.
    Ақтөбе облысының түпкір-түпкірінде тұратын болгарлар музейдің ашылуына жұмыла көмектесті. Үлкендер қай заттың қалай қолданылатыны туралы айтып, кеңестерін берген.

    Музей ашылып отырған үйдің өзі бір ғасыр бұрын салынған. Оны ең бірінші келген қоныс аударушылар тұрғызған. Үйде таспен қаланған, жүз жыл бұрын қазылған жертөле де бар. Үй иесі жертөлені әлі күнге дейін пайдасына жаратып отыр. Суы мөлдіреген ғасыр бұрын қазылған құдық та бар. Бос қалған үйдің иесі, ауыл тұрғыны Анастаия Юсумбели “үйіңізді музей қыламыз” деп сұрағанда қуана келіскенін айтады.
    -Болгар мектебінің жанында этнографиялық бұрыш болатын. Сол жерге жан-жақтан жинаған экспонаттар сыймай бара жатқан соң, “Вяра” болгар фольклорлық ансамблін құрған Наталья Бошкова кезінде осындай ой салған еді. Мұндай халықтың бастамасымен, көмегімен жасалған этнографиялық музей облысымызда жоқ. Біз үшін бұл қуанышты сәт. Қолдау көрсеткен барлық мекемелерге, басшыларға және тұрғындарға алғысымыз шексіз,-дейді “Вяра” болгар этномәдени орталығының төрайымы Анастасия Подольянова.

    Айта кетейік, Болгарка Алға ауданындағы Сарықобда ауылдық окуругіне кіретін елді мекен. Бұл ауылдың іргетасын болгарлар 1908 жылы қалаған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Отан отбасынан басталады
  • Ассамблеяның XIX сессиясы өтті
  • Былшық биге кесене тұрғызылды
  • Музей тұрғындардан сый күтеді
  • Облыстық музейге жаңа ғимарат берілмейді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге