ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ

    Осы айдың 18 қазан күні "Керек INFO" - газетінің № 40 санында "Сартай батыр" дастанының кейіпкері Ақтөбеде жерленген атты мақаламыз жарық көрді. Көлемі газет бетіне ықшамдалып жарылай берілген екен, соның жалғасын сіздерге ұсынып отырмыз.

    Пұсырман атамыздың екінші рет Қыдыр Көруі ел аузындағы әңгімелер бойынша былай болған екен.
    Атамыз Пұсырман малы жоқ, жарлы кезі екен. Сол уақытта Қабақ руы малдан жарлы болған. Бір күні ертелетіп атамыздың үйіне ақсақалды қонақ келеді. Есен-түгел сұрасып, кіріп келген қонақты қарсы алып, мал союға жандығы жоқ. Атамыз қиналса керек, жалғыз бурасын сойғысы келсе, оны қонақ сойғызбаған дейді. Бураны соймаққа ыңғайланып, пышағы мен арқанын алып далаға шыққанда қонақ та ере шығып, «уа, ардақтым, кеуліңе рахмет, малыңа тиме, үйіңде кебеженің ішінде бір қасықтай бидай талқан бар ғой, мен соған да ырзамын, соны қазанға сал» депті. Әйелі мен атамыз Пұсырман үйге кіргенде қонақ далада еді. Айтқан жерден талқанды тауып, су құйып, тұз салып аса бастайды. Аз тағамның өзіне қазан тасып, кенерінен асып төгіле бастайды. Атамыз қонақты асқа шақырайын десе, ақсақал далада жоқ екен. Сонда атамыз Пұсырман, «Е-е, бұл Қыдыр болды», – деген екен. Сөйтіп, атамыз Пұсырман Қыдырды екі көрген деген сөз қалған». Ел аузындағы һам жазба деректерде Пұсырман өзінің бес баласының, олардан туған балалардың негізгі қасиеттерін алдын ала болжағаны, ол болжамы ақиқатқа айналғаны тура айтылады. Қызыр әулиеден бата алған Пұсырман бес баласының тағдырын болжап айтқан сөздері ел аузында жатталып күні бүгінге дейін жетіпті. Бірде қатар ұйықтап жатқан балаларының бас жағына келіп қарап отырыпты. Алаңсыз үйықтап жатқан балаларының түр сипаттарына, күнде өзі көріп жүрген мінез-құлықтарына қарап баға берген. "Қалыбекті дауға қой", "Қарабасты жауға қой", "Жарасты қырындатып қызға қой", "Өмірді қолына қауға беріп малға қой", "Сексенді шуылдатып асқа қой" – деген сөздері қалған. Ғасырдан ғасырға жетіп ұмтылмай келе жатқан "мінездеме" әйтеуір ата ойынын данышпандығының бір белгісі болып қалды. [Ұзақбай Қауыс «Жарас мерген Пұсырманұлы» Ақтөбе 2008 ж. 14-15 беттер]

    Аталған деректерге сүйенсек, Пұсырман – батыр, Қызырды екі көрген әулие адам.
    Енді Саңырыққа келейік. Екі Саңырықтың тарихын жақсы білетін Мәтжан аға Орынбаев былай дейді: «Қазақтың тарихында ХVІІІ-ХІХ ғасырларда туған жерін шетел басқыншыларынан қорғаған Саңырық атты екі батыр болған. Біріншісі – 1730-1760 жылдары қаламақтарға қарсы соғыстың қаһарманы. Бұл Саңырық Ошақты руынан. Екіншісі – ХVІІІ бен ХІХ ғасыр қиылысында өмір сүрген, Кіші жүздің абдал тайпасының Олжабай бөлімінен шыққан Саңырық».
    Енді үшінші Саңырыққа келсек, бұл Пұсырманның Сексен дейтін баласының ең үлкені, Пұсырманның баурына басқан немересі. Батыр емес, әулиелік дарыған тұлға. Саңырықтың әулиелігі турасында сан түрлі тарихи аңыз бар, соның бірі «Айман-Шолпан» эпосының басты кейіпкері Көтібарға қатысты. Шалқар қаласынан шығып тұратын "Шежірелі өлке" газетінде 2016жылы жария көрген ауданның құрметті азаматы, шежіреші Оразбай Әділбаевтың «Көтібар мен Арыстан» деген тарихи-танымдық мақаласында бозбала Көтібардың Саңырық әулиеден батаны қалай алғаны баяндалады. «Көтібар туған заманда Бес Пұсырман қатар ауыл, қоныстас болып отырса керек. Олардың ішінде Бәсен ауылы, Сексен Саңырық ауылы жаз жайлауға бір бағытта көшіп-қонып жүреді екен. Көтібар туарда екі үйі көрші отырған. Шешеміз толғатқан күні жоғарыда айтқан Бес Пұсырманның кенжесі Сексеннің үлкен баласы Саңырақ әулиенің үйіндегі әжеміз басы-қасында болып, Көтібарды туғызып, етегіне орап алған екен. Баланың денесі ірі, жауырынының ортасында бармақтай түкті қалы бар, қасы қалың, көзі ашық, сол жақ уысында бір талшық қылдай қан уыстап туған екен. Бала түскесін Нәрбике есін жинаған соң: «Бар, Саңырық атаның батасын алып кел, атын қойсын, белгілерін айт», - деп кемпірін жұмсаған екен. Әжеміз жүгіріп келіп Саңырық атамызға: «Сүійнші, Бәсеннің үйіндегі келін босанды» - дегенде: «Не бала туды келін?», - деп сұрапты. Әжеміз «көті бар бала туды, батаңды бер» депті және белгілерін айтыпты. Саңырық әулие: «Құдай ауызыңа салған екен, аты Көтібар болсын. Бұл ердің ері, жігіттің жігіті болады дегенім. Жауырында қалы болса дұшпаны қарсы келмес көкжал батыр болады екен, қабағы қалың, көзі ашық болса, дүниенің төрт бұрышын тегіс көремін, өзім билеймін деп туған екен. Ал уысында бір талшық қан болса заманында қантөгіс көп болатын шығар. Мен бата берсем қанішер, қатыгез, мейірімсіз болар, баламыз құтты болсын, аты Көтібар болсын», - деп Саңырық атамыз тұжырым жасаған екен. Бабаның сол айтқанының барлығы Көтібар батырдың өмірі мен жасаған заманында толығынан кездескен деседі.
    Көтібар өсе келе Саңырықтың батасын алуды армандайды... Жазғытұры ел көл жағалап қонып жатқанда ауыл ақсақалдары бір-бірімен табысып, шұрқырасып, ауыл жағалап, «қоныс жайлы болсын» айтып жатады. Сол кезеңде қасында бір топ адамдары бар Саңырық атамыз да ауыл аралап жүрсе керек. Орайын тапқан Көтібар бір үлкен дуадақты атып алып, бөркін көзіне баса киіп, шауып келіп, Саңырық атаның қанжығасына байлай салып: «Ата батаңды бер», – деп, Саңырықтың батасын алады. Қолды қайырып салып, сақалды бір сипап: «Мынау қай бала?» – деп сұрапты. «Бұл Бәсеннің Көтібары ғой», – депті қасындағылар. «Ой, батамды бермеспін деп жүр едім, қапыда алдың, алсаң ал, халқыңа қайрымды бол», – деп ризалығын білдіріпті.
    Көтібар Саңырықтың батасын алғанда сол алақанын төмен, оң алақанын жоғары жайыпты. «Неге екі алақаныңды бірден оңынан жаймадың?» дегенде: «Сол алақанына қан уыстап туды» деп батасын бермей жүр еді, әулиенің аруағына адал болғым келді. Саңырықтың бір алақанға берген батасы да бір адамның өміріне жетеді», – деген екен.
    Қысқасы, Қызырды екі көрген Пұсырманның баурына басқан баласы Саңырық атақты әулие болған адам.
    Осы жағдайларды екшей келе, қатар жатқан екі әулиенің қабірі әкелі-балалы Шекті Пұсырман мен Саңырық болуы әбден мүкін деген ойға келдік. Таздан шыққан Олжабай Саңырықты індете тексеру мақсатында 2009жылы Ақтөбеде басылған Аманғали Әміржанұлының ғылыми дерекке табан тіреген «Таз руының шежіресі» атты 700 беттік кітабына үңілдік (4 томдықтың бірінші томы). Мұндағы «Діни қайраткерлер мен әулиелері» деген тарауда Олжабай Саңырықтың аты аталмайды. «Батырлары» деп аталатын тараудан да атын таба алмадық. Бұл Аманғали оны білмейді екен дейін десек, кітаптың 724-бетінде Құлдың алты баласын таратқанда Саңырықты бірінші атайды. Алайда,батыр демейді, би демейді, әулие еді демейді. Саңырықтан Әйсейіт деп көрсеткен. Тағы бір нұсқада Саңырықтың баласы Әйсейіт емес, Басықара батыр делінгендігін жазады. Әйтсе де, А.Әміржанұлы Саңырықтың баласы Әйсейіт екендігіне басымдық беріп, оның үш баласының атын атап, Құлмамбет шайырдың деректі өлеңінен үзінді берген. А.Әміржанұлы өінің шежірелер жинағының екінші томының 229-275, 467-470 беттерінде Таздың батырларын, 275-306, 456-461 беттерінде әулеттің әулиелері мен билерінің толық тізімін береді, мұнда да Саңырық деген есім кездеспейді. Бұдан шығатын түйін, Олжабай Саңырық – батыр да, әулие де емес.
    Өткенде жазғанымыздай, Ойыл ауданы, Көптоғай аулындағы «Саңырық төбеге» жерленген екі әулие – Шекті Пұсырман мен Саңырық.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Кие деген не?
  • Базарбай Сүлейменұлы: “Cынықшы Сүлейменнің баласымын деп мақтанған емеспін”
  • Ақтөбеде алғаш рет “Тілеу батыр” драмасы қойылады
  • Адамның есімі тағдырына әсер ете ме?
  • БАТЫРЛАР
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге