Ақтөбеде 1-қазан- Қарттар және ұрпақтар ынтымақтастығы күні атап өтілді. Мерекеге орай аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына сүбелі үлес қосқан арда герлерге құрмет көрсетілді.
Мотивация: Сіз өмірді сүйесіз бе?
Қазір жаңа заман тіліне мотивация деген термин енді. Ерінбегеннің бәрі мотивация бергіш болып кеткенін көріп жүрміз. Әлеуметтік желіде отырған «әулиелердің» барлығы өмірге құштар болу мен құдайға деген махаббатты оятып, өзіңнің ішкі әлеміңмен қалай гармония жасауға болатынын айтудан жалықпайды. Ал шын мәнінде мотивация деген не? Ол әдемі киініп, бетке бес тонна бояу жағып, ел алдына шығып ділмарсып сөйлеу ме? Әлде үндемей жүріп-ақ, өз ісімен, өз қызметімен, қоғамдағы орнымен көпке үлгі бола алатын адамдар ма? Біздің бүгінгі кейіпкерлеріміз тура мағынасында өмірге шын ғашық жандар. Біреулер олардың көзіне шұқып, мүгедек деп айтуы мүмкін. Көзін бақырайтып қойып, ашықтан-ашық аяп, мүсіркейтіндер де бар. Олардың өмірге деген құлшынысына қайран қалатындары да жетерлік. Қатарынан қалмай он екі
Ақылды ару деген кім? Бірнеше тіл білетін, екі-үш дипломы бар, бизнесумен, аяулы ана, асыл жар ма? Оның қандай белгілері бар?