Тарихи тақырыптағы сурет көрмесі ашылды

    Тарихи тақырыптағы  сурет көрмесі ашылды

    Ақтөбедегі Өнер музейінде Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды. Көрмеге отызға жуық туынды қойылған.

    Ақтөбелік суретшілердің туындылары мен халықаралық кескіндеме симпозиумында жазылған шығармалар 11 қыркүйек күні жұртшылық назарына ұсынылды.Тарихи образдарға толы туындыларда қазақ батырларының ерлігі, өрлігі мен кеңдігі айшықты суреттелген.
    Тарихтан сыр шертетін туындыларға жастар ерекше қызығушылық танытты. Солардың бірі - “Ұлы жібек жолында” картинасы. Авторы - ақтөбелік Манас Қожақұлов.

    - Жұмысымды үш күнде салып бітірдім. Аса қиындық тудырған жоқ. Бұл туындымда Ұлы жібек жолы қазақ елі арқылы өткенін, сауданың арқасында көне шаһарлардың дами түскенін бейнеледім,-дейді суретші Манас Қожақұлов.
    Манас Қожақұловтың бұл тарих тақырыбындағы алғашқы туындысы емес. Осыған дейін де ол облыс көлемінде өткізілген бірнеше көрмеге қатысқан. Ендігі жоспары - республика деңгейіне жол тарту.

    Өнер музейінің қабырғасындағы әдемі картиналар көздің жауын алады. Сол заманда жүргендей әсер аласың. Суреттер майлы бояумен салынып, бір-бірімен үйлесім тапқан. Картина авторлары тек қазақстандық суретшілер емес. ТМД елдерінен келген. Сөйте тұра сан алуан көзқарастарымен тарихқа деген құрметтерін жеткізе білген. Көрмеге қойылған жұмыстар қазақ халқының тарихы мен мәдениеті тақырыбын кеңінен қамтыған.

    Өнер музейінің қор сақтаушысы Жансая Есенжанқызының айтуынша, көрмеге әр жанрда бір мағынадағы отызға жуық туынды ұсыныпты.
    - 11 қыркүйек күні Астана қаласында “Қазақ елі” монументінің маңында өтетін қазақ хандығының 550 жылдығы мерейтойына орай өткізіліп отырған көрме-жәрмеңкеге орайластырдық. Мақсаты - ұлттық дәстүрді жаңғырту, ұлы өнерді дамыту. Яғни, ақтөбелік суретшілер мен халықаралық кескіндеме симпозиумының туындыларын көрермендерге паш ету,-дейді Жансая Есенжанқызы.
    Қылқалам шеберлерінің көрмесі қыркүйек айының 19-ына дейін жалғасады. Тамашалау ақысыз.

    Ұқсас жаңалықтар
  • ҰЛТ ТАРИХЫ ҰРПАҚҚА АМАНАТ
  • ЖАС ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КӨРМЕСІ
  • Ақтөбеде суретшілердің симпозиумы өтті
  • Болат Атыраубаев халықарарлық көрмеден оралды
  • Құрақ құраушы шеберлердің көрмесі ашылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге