“Ақтөбеге театр мен музей керек”

    “Ақтөбеге театр мен музей керек”

    26 қазан күні Тахауи Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрына Бердібек Сапарбаев барды. Бұл туралы театр директоры Нұрлыбек Жұбатқан Facebook-тегі парақшасында жазды.

    - Түс ауған шақ болатын. Театр ғимаратынан ойда жоқта облыс әкімі Бердібек Сапарбаевты кездестіріп қалдым. Қасында көмекшісі бар. Сәлемдескен соң “Кеше ғана Арқалықта жүр едіңдер ғой. Қашан келіп қалдыңдар?” деді. Көңілім толып кетті. Шынымен де екі күн бұрын “Екі езу” сатира труппасымен бірге гастрольдік сапарда болып келгенмін. Әкімнің қыруар жұмыспен жүрсе де, театрға көңіл бөлетініне іштей қуанып қалдым,- дейді Нұрлыбек Жұбатқан.

    Театр директорының сөзіне қарағанда, облыс басшысы үш труппаның бір шаңырақ астында отырғанына таң қалған. Ғимараттың өте тар екендігін де атап өтіпті. Одан бұрын Тахауи театрын асықпай аралап көрген.
    -Бұл о баста мәдениет үйі болады деп салынған ғимарат. Кейін орыс драма театрына берілген. Артынан қазақ драма театры ашылады. Онсыз да тығылысып отырған екі ұжымға “Екі езу” театры қосылып, сатира труппасы болды. Бір-бірімізге мінгесіп отырмыз. Қай қайсымызға да оңай емес. Грим жасайтын бөлмеде 7-8 адамнан отыр. Әсіресе, суретшілер мен костюм тігетін цехқа қиын,-дейді театр басшысы.

    Үш труппаға костюм тігетін шағын цехтың шебері Кашевал Сарбас та басшысының сөзін қоштап отыр. -Қай труппаның қойылымы бірінші болса, солардың тапсырысын жылдамдатуға тырысамыз. Одан кейін келесі тапсырысты үлгеруге бар күшімізді саламыз. Тігін цехында 5 адам жұмыс істейді. Іс машиналарының да жүктемесі көп. Шеберханадағы машиналардың бәрі ескірген. Жақында бір машина алдырттық. Ал қалғандары іске жарамай қалудың аз-ақ алдында. Лаждап отырмыз,-дейді шебер.
    Тахауи театрына облыс басшысының келгені туралы Нұрлыбек Жұбатқанның хабарлауы мұң екен әлеуметтік желідегі ақтөбеліктер “жаңа театр салынса екен” деп тілеулестіктерін білдіріп жатты. Мәдениет саласының жайына қанық азаматтар “бізге музей де керек” деп ой қосты.

    Жүз мыңнан астам құнды жәді-герді сақтап отырған Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің жайы туралы да жиі айтылады. Бірақ әзір нәтиже жоқ. Төбесінен су ағып, қабырғалары қақыраған ғимаратта өрт қауіпсіздігі сақталмай, жыл басында уақытша жабылып та қалған болатын. Артынша жәдігер сақтайтын қоймасы құлағалы тұрған музей жиған-тергенін онсыз да тар ғимараттарына көшіріп алды. Залдары тарлық еткен соң Қазақ хандығының 550 жылдығы секілді мерекелерге толыққанды ат салыса да алмады. Мерекелік іс-шаралар өз алдына музейден орын табылмағасын басшылары қазір облыстық кітапхананың бір бөлмесін паналап отыр. Мұндайда қазақтың “жылағанның алдынан өкірген шығады” деген сөзі ойға оралады. Төбесінен су ақпайтын театрдың жағдайына шүкіршілік етесің...

    Ал театрдың басшысы Нұрлыбек Жұбатқан болса: “Облыс басшысы ойланып кетті. Біз де ойланып қалдық. Болашақта Ақтөбеге хан сарайындай қазақ драма театры керек. Бар үмітіміз осы кісіде...”,-дейді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Ант” қойылымы халыққа жол тартты
  • “ӘКІМ КЕЛЕ ЖАТЫР...”
  • “Махаббат мұңы” жоғары бағаланды
  • Тахауи театры халықаралық фестивальге барады
  • Ахтанов театры шақырады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге