Жаңа жылдарыңыз құтты болсын, жерлестер!

    Жыл жаңаратын кез де жақын. Бақытты болашаққа үміт сыйлап, жаңа мүмкіндіктерге сенім ұялататын, батыл бастамаларға жетелейтін жақсы , жайлы жыл кеп қалды. Осыған орай Ақтөбеде туып-өскен, бүгінде қоғамның әр саласында жемісті еңбек етіп жүрген танымал ақтөбеліктер “Керек. info” газеті арқылы жерлестерін құттықтайды.

    Үмбетбай Уайдин, жазушы
    Қымбатты жерлестер!
    Жаңа 2016 жылдың төбесі көрінді. Адам баласы үмітпен өмір сүреді. Әр ақтөбеліктің көз ұшында жарқыраған үміт жұлдыздары сүйінші хабар болып, терезелеріннің әйнегін шертсін. Есіктерін қағып, есімдерін тапсын. Ләйім жақсылықтар аман болсын. Жамандықтар тәмам болсын. Тыныш заман болсын. Әр ақтөбеліктің отбасына амандық саулық тілеймін. Туған мекенімнің абыройы арта берсін!

    Серік Ерғали, мәдениеттанушы
    Ардақты ақтөбелік ағайын! Қадырлы жерлестер!
    Күнтізбелік тағы бір жыл аяқтала келді: біріміз бір жасқа есейдік, енді біріміз бір қадамға алға бастық. Уақыт есебі жаңаруда, сонымен бірге біздің де санамыз, болмысымыз бен ісіміз жаңара түспекші. Аллатағаланың бұл да бір құдыреті. Соның барлығына, мүмкіндігіне, өмірімізді тағы бір дүркін жаңартатынына толық сенеміз, шүкір етеміз, қанағат қыламыз! Сіздерге 2016 жыл қуанышты жаңалық пен жағымды үдеріс әкелгей! Жаңарған жылда Бейбіт өмір мен Тойлы ғұмыр тілеймін.

    Марат Көккөзов, актер
    Қымбатты жерлестерім!
    Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Ниетіміз қабыл болсын! Ата мен әже болып жүргендер шөбере, немене көрсін. Аға-жеңгелеріміз ата-әже болсын. Күйеуге шықпаған бойдақ қыздар осы жылы тұрмыс құрсын. Ұлдарымыз үйленсін. Отбасымызға береке тілеймін. Ең бастысы, мешін жылы елімізге тыныштық пен берекет алып келсін. Мен сіздерді жақсы көремін, ақтөбеліктер!

    Айгүл Елшібаева, дәстүрлі әнші
    Арайлы Ақтөбем!
    Жаңа жылда тек жақсылық атаулы жандарыңыздан табылып, жаңа бастамаларда жаңа қарқынмен куш-қайрат жігерлерің тасып, биік белестерден көрініп,бақ пен дəулет береке-ырыстың бастауы бола берсін ! Үлкен өнер деген əлемге аттанған Ақтөбем мен үшін тілегім орындалған киелі мекен, сол үшін жүрегімнің бір бұрышында әрдайым бар. Өмірімде үлкен орын алады.
    Жаңа жылдарыңызбенен!

    Жайнагүл Төлемісова, тележүргізуші
    Ардақты ақтөбеліктер!
    Әр адам жыл жаңарар сәтте жақсылыққа ниет етеді. Ондай кездері жеке басымыз, жақындарымызбен қатар туған топырақты да еске аламыз. Өзім өсіп-өнген, білім алып, биік армандарыма қанат қақтырған Ақтөбемді күн құрғатпай ойлап жүремін. Онда менің ата-ана, бауырларым, достарым бар. Ол жаққа бүйрегім әрдайым бұрып тұрады.
    Биыл Ақтөбенің өмірінде көптеген оң өзгерістердің болғандығынан хабардармын. Қуанып, сырттай тілеулес болып жүремін. Қызмет бабымен әлемнің әр түпкірін аралауға тура келді. ЕНді білім қуып шекара аспақшымын. Бірақ Ақтөбе мен үшін әлемдегі ең әдемі қала болып қала береді.
    Жаңа жылыңмен, ақ төбенің басындағы әдемі қала!

    Ерболат Төлегенов, “Әзіл әлемі” театрының әртісі
    Қымбаттыларым менің!
    Қарбалас тіршілікте бір-бірімізге жылы сөз айтып, жанды жадыратуға мұршамыз келмей жатады. Мінеки, соның орайы енді келіп отыр. Барша ақтөбеліктерді жаңа жылдарымен “Шімән әже” құттықтайды.
    Барлықтарыңыздың арман үміттеріңіз ақталсын! Дағдарысқа қарамастан осы жылы баспанасыз жүрген әр ақтөбелік пәтердің кілтіне ие болып, қоныс тойы көбейсін! Әр шаңырақ сәбидің күлкісінен арылмасын.
    Мешін жылы құтты жыл, сәтті жыл болуына шын жүректен тілектеспін. Ең бастысы-балалардың қызығын көріңіздер.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Жас өнерпаздардың Президент күніне тартуы
  • Ақтөбеде тағы екі балабақша ашылды
  • ЕҢБЕК ДИНАСТИЯСЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
  • Айт қабыл болсын!
  • АЖЫРАСУ ТОЙЫ
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге