Ақтөбеде жол апатынан әкесі мен үш баласы қаза тапты

 “Самара-Шымкент” автожолында автокөлік пен жүк көлігі соқтығысқан. Жантүршігерлік жол апатынан бір отбасының төрт адамы қаза тапты.

Еркежан СЕРІК

kerekinfoaktobe@gmail.com

Оқиға 21 ақпан күні “Самара-Шымкент” автожолында болған. “Mitsubishi Montero Sport” автокөлігінің жүргізушісі қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып кеткен. Қарама-қарсы бағытта келе жатқан “Volvo” жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан автокөлікті тізгіндеген 29 жастағы әйел Әйтеке би аудандық ауруханасына жатқызылған. Полицияның дерегінше, 31 жастағы жұбайы мен 2015, 2017 және 2020 жылы туған үш бала алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан.

Қазір ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.


Қоғам
10:30, 22 февраль 2023
886
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив