Ақтөбеде мектептен өрт шықты

 Ақтөбедегі мектептердің бірінен өрт шықты. Құтқарушылар мыңға жуық адамды эвакуациялаған.

Назгүл ӘБЕТОВА

kerekinfoaktobe@gmail.com

22 ақпан күні Сәтпаев көшесіндегі №23 мектеп-лицейде өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен. Оқиға болған жерге 53 құтқарушы мен 14 техника жіберілген. Өрт сөндірушілер мектептің бірінші қабатынан кабинет жанып жатқанын анықтаған. Мектеп-лицейден 890 оқушы мен 60 ересек адам эвакуацияланған. Тілсіз жау 11 минутта толық ауыздықталған. Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала шығу себебі қысқа тұйықталудан болған.


Қоғам
13:30, 22 февраль 2023
1 097
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив