Ақтөбедегі Назарбаев мектебінің оқушылары қазақ тіліне шорқақ

    Назарбаев мектебінің оқушылары өз ана тілін дұрыс білмейді. Олар айтар сөзін алдымен орысша ойлап, кейін қазақ тіліне аударады. Бұл жөнінде “Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Басқарма Төрайымы Күляш Шәмшидинова айтты.

    26 қаңтар күні мемлекеттік хатшы Гүлшара Әдбіқалықова мен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбедегі Назарбаев мектебінде болды. Физика-математика бағытындағы мектепті аралап, оқушылардың шығармашылығымен танысты. Мемлекеттік хатшыға заманауи мектепті таныстырған Назарбаев Зияткерлік мектептері” ДББҰ Басқарма Төрайымы Күляш Шәмшидинова оқушылардың қазақ тіліне шорқақтығын айтып, алаңдаушылық білдірді.
    - Биология сабағына кірдім. Оқушылар қазақша түсінбейді. Тілдік қорды молайтыңдар дедім. Қазақ тілді мектеп болғанымен, орысша ойлайды. Ағылшын тілі мен орыс тілін тез үйренеді. Ең қиыны - қазақ тілі болып отыр. Неге олай екенін, түсіне алар емеспіз?! Мүмкін, ортасы сөйлемегесін солай болатын шығар?-дейді ол.

    Мектепті аралап шыққан делагация оқушылардың ғылыми жобаларымен және қағазбастылықты азайту үшін жасалған компьютерлік бағдарламаның жұмысымен танысты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев 10-сынып оқушысы Айбар Шаймұхановтың көше атауларына қатысты жобасына ұзағырақ кідірді. Идея авторы Мұғалжар ауданының Ақкемер ауылындағы Хазірет Меңдіғалиев атындағы орталық көшенің атауын зерттеген. Болашақта ол облыс пен аудан орталығындағы көшелердің шығу тарихын анықтамақ. Мақсат - жастарға көше атын иеленген ұлы тұлғалар туралы мәлімет беріп, үлгі ету -дейді мектеп оқушысы.

    - Өзі тұрып жатқан көшенің қайдан, қалай шыққанын білмейтіндер бар. Бұл өте жақсы идея. “Көшелер мерекесін” жасау керек. Сол кезде осы мектеп оқушысы келіп, толық ақпарат берсе жақсы болар еді, -деді облыс әкімі.
    Сапар аясында мемлекеттік хатшы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған “Айлин” балабақшасының жұмысымен танысты. 450 балаға лайықталған мектепке дейінгі мекеме 2015 жылы ашылған. Балабақшада жүзу бассейні, музыка, спорт залдары, үш тілді лингвистикалық кабинеттер мен монтессори бөлмесі бар.
    Сейсенбінің кешінде Гүлшара Әбдіқалықова Ақтөбедегі кәсіпкер әйелдермен , көпбалалы аналармен және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті. Бейресми жиын кезінде Мемлекеттік хатшы ақтөбелік әйелдердің қай салада да белсенді екенін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, қазір бизнесте жүргендердің 65 пайызы әйелдер. Депутаттардың 28 пайызы да қыз-келіншектер үлесінде.

    - Мемлекет әйелдердің кәсіпппен айналысуы үшін барынша жағдай жасап отыр. Ақтөбе облысында “Даму”қоры мен Азиялық даму банкі бірлесіп, 14 кәсіпкер әйелге 595 миллион теңге бөлді. ЕҚДБ арқылы жалпы құны 895 миллион теңге болатын 17 жоба қаржыландырылған. Оның төртеуі 4 кәсіпкер әйелдің еншісінде. Бұл бағыттағы жұмыстарды әлі де жалғастыру керек,-деді Гүлшара Әбдіқалықова.
    Дегенмен өңірде бала өлімі мен туберкулез ауруы көп. Жиын соңында Гүлшара Әбдіқалықова жиналғандарға ана мен бала денсаулығына және отбасылық зорлық-зомбылыққа көп көңіл бөлуді тапсырды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Архиепископ Антоний Ақтөбеде қара киінгендердің көбейгеніне алаңдаушылық білдірді
  • Ясныйға жаңа мектеп салынады
  • Қазақ хандығының тойына арналған автошеру өтті
  • Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте
  • Ақтөбенің оқушылары есепке шорқақ
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге