Ақтөбелік коллекционердің ретрокөліктері

    Ақтөбелік кәсіпкер Еркін Шектібаев ескі көліктерді жинаумен айналысады. Бүгінде оның меншігінде совет заманында шығарылған 7 автокөлік бар.

    Ақтөбелік коллекционер Еркін Шектібаевтың ескі көліктерді жинай бастағанына 10 шақты жыл болған. Қазір оның гаражында жаңартылған 7 автокөлік бар. Әсіресе, кәсіпкер зауыттан 1913 жылы шығарылған көлікті ерекше мақтан тұтады.

    -Бұл көлікті кезінде Ақтөбеге Германиядан бір неміс жігіті айдап әкелген екен. Алайда, моторы сынып қалғасын тастап кеткен. Көлік жөндейтін жерде қоқыс арасында жатқан жерінен тауып алдым. Тек қаңқасы ғана болды. Үйге әкеліп, ерінбей құрастырып алдым. Өзі шағын ғана көлік. Мен мұның кейбір қажетті бөлшектерін Үндістаннан интернет арқылы тапсырыспен алдырдым,-дейді коллекционер.

    Көненің көзіндей көлікті қолына түсіру үшін Еркін ешқашан қаржы аямағанын айтады. Мысалы,бір танысына неміс автомобилінің Ембіде тұрған жерін айтқаны үшін ғана 500 доллар ұсыныпты.

    Кәсіпкердің коллекциясында осыдан бірер жыл бұрын соғыс кезінде Сталин мен маршал Жуков мінген лимузин де болған. “ЗиС -110” маркалы автокөлік зауыттан 1946 жылы шығыпты. Алайда бұл көлік 2012 жылдан бері қостанайлық кәсіпкер Борис Князевтің ретрогаражында тұр.
    - “ЗиС -110” маркалы автокөлік Сталин атындағы зауыттан шыққан. Интернет арқылы қожайынының Санкт-Петербургте екенін анықтадым. “Көлік қайда?” деп сұрасам, “Ақтөбеде тұр” дейді. Сөйтсек, кезінде оның әкесі Санкт Петербурге көшіп, көлігін Ақтөбеде қалдырып кеткен екен. Өте әдемі көлік еді, ұзындығы 9 метр. Үлкен болғандықтан, гаражға екі бөліп салған екен. Бір жылда құрастырып шықтым. Ол кезде аулам кішкентай болды. Балалар көліктің үстіне шығып, секіріп ойнайтын. Ішім удай ашыды. Ақыры қостанайлық кәсіпкерге 70 мың долларға саттым. Қазір интернетте бұл көлік 250 мың долларға бағаланып отыр. Кейде бекер саттым деп өкініп те қоямын,-дейді Еркін Хибатұлы.

    Көптің қалтасы көтере бермейтін істі хобби еткен кәсіпкердің ескі заттарға әуестігі бала кезінен байқалыпты. Жастайынан археолог болуды армандаған. Алайда, бала күнгі арманына қол жеткізе алмағандықтан, қазір ескі бұйымдарды жинауды әдетке айналдырған. Шетелге шыққан әр сапарында әр елден маска, түрлі халықтың ұлттық бас киімдерін жинайтыны да бар.
    -Көлік құрастырып, жинап шығару өте көп шығынды талап етеді. Алайда, жаның қалағандықтан, сүйікті ісіңнен бас тарта алмайды екенсің. Көлігіме қызығушылар көп. Бірде әнші Қанат Айтбаев ескі көліктердің қатысуымен клип түсіруге ұсыныс жасаған. Музей ашып, көрме өткізбейсің бе?- деп ұсыныс жасайтындар да бар. Көрме өткізудің де уақыты келер. Әзірге жаным қалаған істі ермек етіп жүрген жайым бар, -дейді ол.

    Қазіргі күні коллекционердің гаражында “Победа”, “Чайка”, “Волга” маркалы автокөліктер бар. Десе де соңғы кездері коллекционер көптің қалтасы көтере бермейтін хоббиімен толыққанды айналыса алмай отырғандығын айтады. Оған - Ақтөбеде көліктің “тілін” білетін маманның жоқтығы себеп. Әрі қымбат, тарихи көліктің бөлшектері де жиі қолды болып кетеді.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ақтөбеде осы аптада үш бірдей автокөлік өртенді
  • Ақтөбеде тағы бір автокөлік өртеніп кетті
  • Көлікті жабдықтауға полицияның рұқсаты керек
  • Көлік жүргізушісі “Автопарк ” ЖШС сотқа берді
  • Тұрғындар көлік апатына куә болды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге