Қызғалдақ көрмесі ашылды

    Қызғалдақ көрмесі ашылды

    Арман қуып, Ақтөбеден Алматыға кеткен қос құрбы көктем мерекесіне орай «Дала гүлдері - Қызғалдақ» атты көрме-дефиле ұсынды. 17 наурыз күні облыстық өнер мұражайында ашылған көрме қалалықтардың көзайымына айналып үлгерді.

    Үлкенге де, жасқа да жараса кететін ерекше киімдер үлгісін көрсеткен екі ақтөбелік ГауҺар Алиманова мен Радина Батпенова көрменің қыр еркесі қызғалдақ атауын алғаны тегіннен тегін емес дейді.
    - Қызғалдақ- ерекше гүл. Тек көктемде бүр жарады. Адамдар неге қызғалдақ тереміз деп көктемде қыр асып кетеді? Неге басқа гүлдерді қызғалдақты іздегендей іздемейді? Біз өз көрмемізді әсемдіктің, нәзіктіктің, сұлулықтың, тазалық пен пәктіктің символы ретінде қызғалдаққа арнадық,- дейді шебер қыздар.

    Киім дизайнері Гауһар Алиманова мен суретші Радина Батпенова бұл көрменің ұйымдастыру жұмыстарын бір ай бұрын қолға алған.
    - Ақтөбеде мәдени шаралар жоқтың қасы. Тұрғындар рухани шөлдеп жүр. Сол себепті осындай көрме ұйымдастырдық. Халыққа ұнап жатыр. Картиналарымызды сатып алушылар да бар ,- дейді Гауһар Алиманова.

    Бұл көрме-жобада Гауһар Алиманованың жеке коллекциясы мен Радина Батпенованың графикалық жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды. «Жас шебер» сәндік-қолданбалы шығармашылық үйірмесінің сувенирлік заттары қойылды. Графикалық жұмыстар гүлдің сұлулығы мен жұпар исін тамашалап, өзін қызғалдақ пен көктемге теңеп тұрған нәзік жас қыздың образынан бастап, ардақты әжеге дейінгі көріністі береді. Көрменің мақсаты – қолөнерді жаңғырту, қазақ қызының сұлулығын паш ету, қазіргі киімдерге этно стиль тұрғысынан акцент беру болды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Өнер музейінде “Дала аналарының симфониясы” атты көрме өтіп жатыр
  • Мүгедек балалар көрмесі
  • Тарихи тақырыптағы сурет көрмесі ашылды
  • Болат Атыраубаев халықарарлық көрмеден оралды
  • Құрақ құраушы шеберлердің көрмесі ашылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге