Ақтөбелік шебер қураған ағаштардан батырлар бейнесін жасағысы келеді

    Ақтөбелік мүсіншілер қураған ағаштарға жан бітірмек. Яғни, көшелердегі кеуіп қалған терек пен еменнен қазақ батырларының бейнесін ойып жасамақшы. Бұл жөнінде “Керек. іnfo” тілшісіне идея авторларының бірі Азамат Алагөзов айтып берді.

    Идея авторлары бұған дейін Орал қаласына Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай Қазақ батырының ағаш мүсінін тарту еткен. Қылышын сермеген хас батыр жергілікті мүсінші Болатбек Баймағанбетов пен оның көмекшісі Азамат Алагөзовтің қолынан шыққан.
    -Оралға тарту еткен мүсініміз қалалықтар тарапынан қолдауға ие болды. Осыдан соң ағаштан ойып жасауды неге бизнес көзіне айналдырмасқа деген ой туды. Қолөнердің бұл түрі Белоруссия мен Ресейде кеңінен таралған. Қазақстанда ағаштан қазақы нақыштағы ыдыс-аяқ пен кәдесый жасап жүргендер бар. Алайда, кең көлемде айналысып жүргендер жоқтың қасы. Былтыр Ақтөбеде “Даму” кәсіпкерлікті қолдау қорының 2 млн теңге грантын ұтып алдық. Шеберхананы жалға алып, қажетті құралдарды сатып алдық,-дейді Азамат Алагөзов.

    Мүсіншілердің өз кәсібін бастағандарына үш жылға жуықтаған. Бүгінде олар күнделікті тұрмысқа қажетті қарапайым бұйымдардан бастап балалар алаңына, саяжайға қоятын түрлі мультфильм мен ертегі кейіпкерлерін де ағаштан ойып жасайды. Болашақта олар қала көшелері мен саябақтардағы қураған ағаштарға жан бітірсек деп армандайды.

    - Бір кездері жапырағы жайқалған терек пен емен кейіннен кеуіп, пайдасыз болып қалады. Қаланың көркін бұзады. Оларды тамырымен алып тастау мүмкін емес. Алып ағаштардың тамыры тереңге кететіндіктен, кейбір жағдайларда үйлерді қопаруға тура келеді. Сол себепті Ақтөбе көшелеріндегі кесіліп қалған ағаштардан қазақ батырларының бейнесін жасағымыз келеді. Қазір жеке кәсіпкерлердің бірі – Т.Жүргенов пен Д.Қонаев көшелерінің қиылысындағы ескі ағаштан батыр мүсінін жасауға ұсыныс білдіріп отыр. Мұндай кесілген ағаш М. Оспанов көшесінде де бар. Жақында Сәтпаев көшесіндегі қураған ағаш көлігіме құлап, сотқа шағымдандым.Бұл ағашты осындай күйге жеткізбей, әдемі дүние жасап шығаруға болатын еді. Ағаштан ойып жасалған мүсіндер қалаға көрік беріп қана қоймай, болашақ ұрпақтың рухын биіктетеді деген сенімдеміз,-дейді ол.
    Айтуларынша, ағаштан жасалған мүсін арнайы лакпен боялатындықтан, жылдар бойы шірімейді. “Ағаштан ойып жасаудың қиындығы сол, сәл жерден қателік кетсе, ол мүсінді жасап шығару қиын” дейді мүсіншілер.

    Идея авторларының бұдан өзге де жоспарлары да көп. Соның бірі –Ғашықтар орны. Мүсіншілер еменнен жасалған қазақ бойжеткені мен бозбаласын Қыз Жібек пен Төлегеннің кейпінде жасап шығармақ. Олар бұл мүсінді АХАЖ-ға қойсақ, жас жұбайлар неке қию сәтінде суретке түсетін ерекше орынға айналар еді деген пікірде. Алайда, бұл мүсіннің тек қана материалын сатып алу үшін 1 млн теңге қаражат қажет. Жұмысы өз алдына. Мүсіншілер бастапқыда тек материалын сатып алып берсе, Ғашықтар орнын Ақтөбеге тегін жасап бермек болған. Алайда, бұл идея ешкімнен қолдау таппапты. Амалы таусылған мүсіншілер алдағы уақытта бұл мүсінді “Экспо-2017” көрмесіне апармақ. Шеберлік мектебін ашып, жастарды қолөнерге баулымақ. “Өнерді бағалайтын адам аз. Сондықтан күнкөріс үшін күнделікті қолданыстағы бұйымдарды жасауға мәжбүрміз. Бұған дейін елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесін де ағаштан ойып жасағымыз келген. Алайда, ол кісінің өз рұқсаты болмағандықтан, жасауға болмайды екен. Қазір мемлекет басшысына арнап қазақ батырлары бейнеленген шахмат тақтасын жасап жатырмыз. Аяқтағаннан кейін өзіне тарту етпекпіз,” -дейді жеке кәсіпкер.

    Ұқсас жаңалықтар
  • “Керек.info” газетінен жасалған бұйымдар
  • Кәсіпкерлік – мемлекеттің экономикалық тірегі
  • Хан рухына тағзым
  • Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын басталды
  • Ақтөбеліктер тегін көшеттер үшін шу шығарды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге