Ақтөбеде “Нео-фольклор” байқауы өтті

    Ақтөбеде “Нео-фольклор” байқауы өтті

    Ақтөбеде ұлттық тағамдар мен ұлттық киімдердің қалалық байқауы өткізілді. Байқау “Астана EХРО-2017” халықаралық көрмесіне әйелдердің қатысуға дайындығы үшін ұйымдастырылған.

    Ақтөбедегі “Юрта” мейрамханасында 27 сәуір күні қазақтың көпғасырлық дәстүрін насихаттайтын ерекше байқау өтті. Алдымен,“Ұмытылып бара жатқан және жаңғыртылған қазақ ұлттық тағамдары ” атты ұлттық тағамдар көрмесі көрсетілді. Оған қатысуға төрт мекеме ниет білдірген. Солардың бірі – Ақтөбе сервис колледжі. Колледждің өндірістік оқу шебері Тойдық Түгелова көне дәстүрден сыр шертетін, бүгінде ұмытылып бара жатқан тағамдарды жасағанды ұнатады. Тіпті, күнделікті ас мәзірін де ұлттық тағамдарсыз елестете алмайды. Тойдық дастарқанына үш түрлі бауырсақ пісіріп қойған. Олар, еспе, ши, домалақ бауырсақ. Еттен дайындалған бұжы, үлпершек, мипалау мен сексеуілдің шоғына пісірілген қазақша бастырма да дастарқанға ерекше сән беріп тұрды.

    - Бұрын сұйық май болмағандықтан, әжелеріміз еспе бауырсақты құйрық майға пісірген. Яғни, құйрық майды шыжғырып, соған қуырған. Ши бауырсақ ас содасымен ашытылып дайындалды.Ал, мына домалақ бауырсақты сүзбе қосып, сұйық майға қуырдым,-дейді Тойдық Түгелова.
    Сонымен қатар, байқауда көпшіліктің назарына жаужүрек, әсіп, сүбе, көмеш сияқты ұлттық тағамдар таныстырылды. Ақтөбе техникалық колледжінің қатысушысы Жансая Атақонысова “қарынға салып пісірілетін көмеш” атты ұлттық тағамды әзірлеген. Жансаяның айтуынша, тазартылған қарынның ішіне аса толтырмай қойдың, немесе марқаның етін, құйрық май, және картоп, сәбіз салады. Сосын, қарынның аузын тігіп, электр пеште пісірген.Көмеш екі сағатта дайын болады.

    Ұлттық тағамдар көрмесіне колледждермен бірге қаладағы “Юрта” және “Жас отау” мейрамханалары да қатысты. Рет-ретімен видеопрезентациясын көрсеткен кәсіби аспаздар халықтың ризашылығына бөленді.
    “Нео-фольклор” киім дизайнерлерінің қалалық байқауы қазақтың ұлттық киімдерінің бірегей құндылықтарын насихаттады. Әділ қазылар алқасы қазіргі сән үлгісінің үрдістер үйлесімділігіне сәйкес этникалық- тұрмыстық құндылығына назар аударды. Байқауға сән әлемінде өзіндік орны бар танымал дизайнерлердің коллекциялары ұсынылды. Ертеден осы күнге дейін өзінің қадір қасиетін жоймай, қолөнердің озық үлгісі ретінде келе жатқан киімдер көздің жауын алады.

    “Әлия гүлі” халықтық би ансамблінің ең алғашқы костюмдерін тіккен, жанұясымен қолөнер шебері – Қалиевтер отбасы да бұл конкурстан қалыс қалмады. Тігінші Алтынгүл Сұлтангереева қазақтың киімдеріне Калифорния штатынан ұсыныс түсіп жатқанын қуанышпен жеткізді.
    Талапкерлердің өнеріне декоративті-қолданбалы өнер шеберлері, кәсіби мамандардан құралған қазылар алқасы өз бағасын берді. Жеңімпаздар Ақтөбе қаласы әкімінің дипломымен, ақшалай сыйақымен марапатталды. Үздік шыққандар республикалық байқауға қатысатын болды.

    Ұқсас жаңалықтар
  • ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ
  • “Балбөбек” байқауы мәресіне жетті
  • Оқушы ұлттық саябақ жобасын ойлап тапты
  • Облыстық театрлық фестиваль - байқауы өтті
  • Құрақ құраушы шеберлердің көрмесі ашылды
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге