Қазақстандағы жаңа үлгідегі жалғыз көлік көрмеге қойылды

    Ақтөбе қаласында әлемнің 10 елінен 70-ке жуық компания қатысқан халықаралық көрме өтті.

    18-19 мамырда “Қоныс” спорт сарайында “MinTech – АқтөбеМұнайХим2016” халықаралық көрмесі өтті. Көрмеге әлемнің он елінен келген 70-ке жуық компания қатысты. Сонымен қатар, аймақтың ең ірі өнеркәсіп орындары да өз өнімдерін келушілерге ұсынды.

    Отандық компаниялармен қатар, Германия, Швеция, Швейцария, Жапония, Қытай, Түркия, Украина, Қырғызстан, Ресей сияқты елдердің технологиялары көпшілік назарына ұсынылды.
    Көрмеге қатысушылар өнеркәсіптің тау-кен ісі, металлургия, мұнай-химия және энергетика салаларына арналған жаңа жабдықтарын көрсетті.
    Көрме аясында “Қазхром” ТҰК” акционерлік қоғамының және Орталық Азия Тау-кен өнеркәсіп одағының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел мен семинарлар өтті.

    Мұрат Айдын: қазақ тілін екі айда үйреніп алуға болады
    MERTA Mineral Processing (Түркия) компаниясы20 жылдан бері кен байыту жабдықтарын шығарумен айналысады. Олардың құрылғылары сепараторлар, кептіргіш үстел, хромды байыту қондырғысы барлығы хром өндіру саласына арналған.
    -Ақтөбе қаласына бірінші рет келіп отырмыз. Біз көрмеге көп адам келеді деп ойлап едік. Ауа райына байланысты болар, көрмеге келушілер саны аз болды. Біз хром өндірісіне арналған құрылғылар шығарумен айналысамыз. Бізге, қазақстандық компаниялар өндіретін хромның үлгісін салып жібереді. Сол бойынша сараптама жасап, жобаны дайын күйінде тапсырамыз. Компаниямыздың Қазақстанда арнайы өкілдігіміз жоқ. Бірақ болашақта бірге жұмыс жасауға дайынбыз, - дейді түркиялық Мұрат Айдын мырза.

    Сөз арасында түркиялық кәсіпкер қазақ тілін де білетінін айтты. Оның айтуынша, қазақ тілін толық меңгеру үшін екі ай жеткілікті.

    Қолдан соғылған қара гүл де бар көрмеде
    Темірден соғылған түрлі бұйымдар көз жауын алады. Ал үстелдің үстіндегі қара гүлді көтеру үшін көп күш керек екен.
    -Таза темір болғасын салмағы ауыр. 8 наурыздар қыздарға осындай гүл сыйладық. Қайталанбайтын дүние. Мына тұрған бұйымдарды екінші қайталап жасау мүмкін емес. Бағасы да қомақты. Бәрі қолдан соғылған, - дейді“Южпромснаб” ЖШС цехінің бастығы Андрей Тищенко.
    Ақтөбеде арнайы студиясы да бар екен. Бұл заттардың барлығын арнайы тапсырыспен жасалынады. Андрей үй, желкенді кеме және зеңбірек үлгісінде жасалған мангалдардың бағасы 1 млн дейін баратынын жасырмады. Керемет дүниелерді жасауға шебер айлап уақыт жұмсаған.

    Жаңа үлгідегі жалғыз жүккөлігі
    Сыртта тұрған көліктердің ішінде барынша жаңартылып шығарылған Урал жүккөлігі бірден көзге түсті. Маманның айтуы бойынша бұл көлік биыл шығарылған әрі Қазақстанда жалғыз дана екен.
    -Біз Ақтөбе қаласынанбыз. Орал зауытының ресми дилеріміз. Мына бірінші тұрған машина Семей қаласында жиналған. “Урал” жүккөлігінің жаңа түрі 18 млн теңге тұрады. Биыл шығарылған көліктердің былтырғыдан көліктен айырмашылығы көп. Кабинасының өзін көріп тұрсыздар, - дейді менеджер Самат Қажниязов.
    Маманның айтуы бойынша биыл кризиске байланысты сатып алушылар саны жылдағыға қарағанда азайған.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Өнер музейінде “Дала аналарының симфониясы” атты көрме өтіп жатыр
  • Хан рухына тағзым
  • Тарихи тақырыптағы сурет көрмесі ашылды
  • ЖАС ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КӨРМЕСІ
  • Ақтөбенің үздік тауарлары анықталды
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Біз жалтақ боп барамыз

Біз жалтақ боп барамыз

“Жақсы адамның артынан сөз ереді” деген қазақтың нақыл сөзі бар. Елдің алдында жүрген адам қашанда жұрттың назарына ілігеді. Бұл заңдылық. Шындықты айтқан адам

Кенжеғали Кенжебаев kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге