Атыраулық суретшілердің туындылары алғаш рет Ақтөбеде

    Айдың соңына дейін созылатын “Атырау нақыштары” көрмесі өз есігін ақтөбеліктерге айқара ашты.

    14 маусым күні Ақтөбе облыстық өнер музейінде “Атырау нақыштары” атты көрмесі ашылды. Шараны Шаймардин Сариев атындағы Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер мүзейі ұйымдастырып отыр. Көрмеге Атырау өңірінің республикаға танымал қылқалам шеберлерінің қолынан шыққан 30-ға жуық кескіндемелік шығармалары қойылды.

    - Өзіміздің ең үздік, ең атақты деген туындыларымызды Ақтөбеге тұңғыш рет әкелдік,-дейді атыраулық музей директорының орынбасары Төлеген Орынбасарұлы. – Келген мақсатымыз – тәжірибе алмасу. Көбіне кескіндеме тақырыбында салынған 30 жуық еңбек ұсынып отырмыз. Ақтөбеліктер өте тамаша, жылы қабылдады. Мұнда 20 күндей боламыз.

    Көрмеде Мұхит Қалимов, Жоламан Аралбаев, Қамбарбек Аманов, Әділқайыр Жантасов, Марбек Дәулетияров, Эльмира Жұмабаева, Рафаэль Сілекенов, Исим Арыстанов секілді қазіргі заман суретшілерінің шығармалары ұсынылған. Аталған суретшілердің барлығы да өз қабілеттерін барлық қырынан көрсете білген, бейнелеу өнерінің һас шеберлері, өзіндік қолтаңбасы бар табиғи дарын иелері болып табылады. Бір топ суретшілер жаңашыл бағытты таңдаса, екіншілері дәстүрлі бағыттағы шығармаларымен танымал.
    Көрмеге қойылған әр туындының өзіндік тарихы бар.

    -Исатай Таймановтың көтерілісі жайындағы тақырыпты алғашқылардың бірі болып қозғаған атыраулық суретші Мұхит Қалиев. Ол тек қылқалам жағынан емес, ғылыми тұрғыдан осы мәселені ашуға тырысты. Оның Махамбет пен Исатай Таймановқа қатысты қылқалам шығармалары біздің музейде кең түрде ұсынылған. Өкінішке орай, ол суретшінің еңбектері тым көп болғандықтан, Ақтөбеге тарихи картиналарды әкеле алмадық,-дейді Атырау облыстық көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер мүзейінің бөлім меңгерушісі Зәуреш Нұрпейісова.
    Атыраулық суретшілердің картиналарын тамашалауға келген қалың бұқара көрмеден алған әсерлерін жасыра алмады. Әсіресе, мектеп жасындағы балалар әр картинаның түрлі-түсті бейнелеріне ұзақ үңіле берді.

    - Демалыс күнін қызықты өткізу мақсатында бүгін “Жауқазын” лагерінен 60 баламен көрмеге келдік. Музейдің өзі бізді шақырды. Балаларға көрме ұнап, түрлі сұрақтар қойып жатыр. Балаларға мұндай керемет көңіл сыйлағаны үшін өнер музейіне алғысымыз шексіз!-дейді Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектептің жанындағы “Жауқазын” лагерінің меңгерушісі Гүлзия Алдиярова.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Анаға арналған кітап көрмесі басталды
  • Өнер музейінде “Дала аналарының симфониясы” атты көрме өтіп жатыр
  • Тарихи тақырыптағы сурет көрмесі ашылды
  • Ақтөбеде суретшілердің симпозиумы өтті
  • Ресейлік қылқалам шеберінің көрмесі өтеді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге