Алаштың бақ ордасы – Астана

    Алаштың бақ ордасы – Астана

    Ақтөбеліктер Астана күнін Тұңғыш Президенті саябағындағы Ту тұғырнамасы жанында тойлады.

    “Алаштың бақ ордасы – Астана” атты мерекелік кеште бұлттанып тұрған ауа-райына қарамастан, ақтөбеліктердің бет-жүздері күлкі, қуаныш пен шаттықтың нұрын шашып тұрды.

    Мерекелік шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Ілияс Испанов қатысып, өңір басшысы барша қала тұрғындарын Астана күнімен құттықтады.

    Мерекелік бағдарлама аясында 6655 әскери бөлімінің эстрадалық-үрмелі аспаптары, “Әлия гүлі” қазақ билер ансамблінің “Халықтық ұжымы”, “Арайлы Ақтөбе” фольклорлық ансамблі, Әуе қорғаныс күштер институтының курсанттары мен мен заң университетінің студенттері, Ғ.Жұбанова атындағы филормония солистері және басқа да өнер ұжымдары өз өнерлерін көрсетті.

    Кешкі бағдарламада Астана қаласының, Бәйтерек, Тәуелсіздік Монументінің және Елорданың басқа да көркем жерлерінің суреттері бейнеленген гель шарлары ұшырылып, көрермендрге ерекше сезім сыйлады.

    Сондай-ақ, LED-экрандарда ғасырлар тоғысында бой көтерген Астана қаласының құрылуы, қарқынды дамуы, әсем жерлері және елорданың т.б. жетістктері туралы документалды кадрлар көрсетіліп, Отан, туған жер, Тәуелсіз Қазақстан тақырыбында көрермендермен караоке-батл және өзге де қызықты шаралар ұйымдастырылды.

    Гүлвира Айдасова, қала тұрғыны:
    Барлық ақтөбеліктерді, қала қонақтарын бүгінгі Астана мерекесімен құттық-таймын! Барлығына зор денсаулық тілеймін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Әрдайым аспанымыз ашық болсын. Концерт ұнап жатыр, өте тамаша!

    Зәкіраддин Байдосов, Ақтөбе қаласының құрметті азаматы:
    Құрметті халайық, бүгін бізде үлкен мереке. Бұл мерейтойды ақтөбеліктер үлкен қуанышпен, көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алуда. Себебі Астананың өркендеуі – бұл еліміздің өсіп-өркендеуі. Астана қаласының дүние жүзіне танымал болуы, халықаралық аренада көрінуі арқасында қазақ ұлты жайлы әлем біліп жатыр. Астана одан әрі өркендей беріп, құлпыра берсін. Құтты болсын мереке!

    Ұқсас жаңалықтар
  • Ел қорғау – ерлер ісі
  • “Ел тұтқасы – Елбасы”
  • Жас өнерпаздардың Президент күніне тартуы
  • Ақтөбеліктер Астана күнін тойлады
  • Ақтөбеліктер Астана күнін тойлайды
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге