Террористер мен олардың әйелдеріне түсіндіру жұмыстары жүргізілуде

    Ақтөбеде теракт кезінде ұсталған лаңкестер мен олардың жұбайларымен теологтар жұмыс жасап жатыр. Жыл басынан бері облыста 215 адам дәстүрлі дінге бет бұрды. Облыста сауатты имамдар мен теологтар жетіспейді. Бұл жөнінде облыстық дін істері басқармасының басшысы Бауыржан Есмахан айтты.
    “Ақтөбе ақпарат” орталығында өткен брифинг барысында Бауыржан Есмахан облыстағы діни ахуал жөнінде сөз етті.

    Сауатты имам жетіспейді
    Ақтөбе облысында қазір 65 мешіт бар. Бүгінгі күні онда 60 имам жұмыс жасап жатыр. Алайда тек оның 14-інің ғана жоғары діни сауаты бар.

    -12 имамның арнайы діни білімі бар, яғни медресе бітірген.Қалған 34 адам орталық және облыстық теологиялық курстардан өткен мамандармен қамтылған. Мешіттердің арнайы бюджеті де жоқ. Олар мешітте тұрған жәшікке халық салған садақаның есебінен күнкөрістерін айырады. Түскен қаржыны жалақы, коммуналдық төлем ретінде қолданады. Ақша қалып жатса, қалған қажеттіліктеріне жаратады. Бірақ ауылда мешітке халық аз келетіндіктен, қаржы жетіспей жатады. Ауылға сауатты имам жіберу үшін де оның жалақысы жақсы болуы керек, -дейді Бауыржан Есмахан

    Облыста 7 мешітте имам жоқ. Маман тапшылығы,әсіресе, жат ағымдар кең тараған Мұғалжар, Темір, Алға аудандарындағы елдімекендерде байқалады. Қазір бұл міндетті ауыл ақсақалдары мен молдалар атқарып отыр. Теолог та жетіспейді. Облыста дін қызметкерлерін оқытатын жалғыз медресе Бестамақта орналасқан. Бүгінде мұнда 49 шәкірт оқып жатыр. Алайда сауатты маман да-йындап шығару үшін бұл да аздық етуде.

    Биыл 215 адам дәстүрлі ағымға қайта оралды
    Биыл ақтөбелік дін өкілдері жат ағымның жетегінде кеткен 534 адамммен кездескен. Оның 196-сы ақтөбеліктер болса,174-і облыс аудандарында тұрады. 69-ы студенттер болса, 96-сы түрмеде жазасын өтеп жатқандар. Нәтижесінде 215 адам дәстүрлі ханафи мазхабына өткен. Түсіндіру жұмыстарын “Аңсар” ақпараттық-түсіндіру орталығының 11 теологы жүргізген. Олар Сауд Арабиясында, Мысырда, Түркияда, Ливияда арнайы діни білім алған.

    Террористермен түсіндіру жұмыстары жүруде
    Ақтөбелік теологтар лаңкестік оқиға кезінде ұсталған террорис-термен түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Олардың ата-аналары мен әйелдерін де дәстүрлі дінге қайтару үшін жұмыс жүріп жатыр. Алайда әйел теолог жетіспегендіктен, қиындықтар тууда.

    -5 маусымда болған қанды оқиғаға байланысты теологтар тек қана олардың ата-аналарымен ғана емес, ұсталғандармен де кездесті. Әңгіме күні бүгінге дейін жүріп жатыр. Облыстағы 11 теолог - ер адамдар. Олардың әйелдері ер адаммен жүздесіп, сөйлесуден қашады. Бар болғаны үш әйел ұстаз бар. Бұл өте аз, -дейді Бауыржан Есмахан.

    Құран аяттарын теріс түсіндірген
    Ақтөбеде құран аяттарын теріс түсінген мектеп оқушысы үйінен безді. Оқиға 2012 жылы болыпты.
    -Бізге бір ата-ана хабарласып, ұлының үйден кетіп қалғанын айтты. Баласы мектеп жасында екен, намаз оқитын болып шықты. Оны теологтар “Мега Шығыс” орталығында ұялы телефон сатып тұрған жерінен ұстады. Білесіздер, жамағаттар көбіне ұялы телефон сатумен айналысады. Үйінен неге кетіп қалғанын сұраған едік. “Біздің үйде аруақтарға бағыштап құран оқиды, жеті нан пісіреді. Бұл бидғат нәрсе, ол үйде тұрмауы керек екен” деді. Бұл жалған ақпарат. Жалған ағымды ұстанатындар құран аяттарын теріс түсіндіреді. Біздің теологтар “Исламдағы қабір зираты“ атты кітап жазды. Онда қайтыс болған кісілердің басына барып құран оқудың ,жеті нан пісірудің құран хадиспен исламда орны бар екендігін дәлелдеп берді. Сол кітапты оқығаннан кейін бала үйіне қайтты –дейді дін қызметкері

    Бауыржан Есмаханның сөзінше, бар мәселе олардың санасында болып отыр. Өйткені жалған ағымды ұстанатындар Құран аяттарын өзгелерге теріс түсіндіреді. “Бізге кейде жұмыстарыңа психологтарды тартыңдар деп жатады. Алайда бұл мәселені шешу үшін сауатты маман қажет. Бұл қолмен ұсталатын, көзге көрінетін мәселе емес. Идеологияны тек идеологиямен ғана жеңуге болады. Теологтардың жұмысы қаншалықты қиын екенін осыдан-ақ түсінген боларсыздар“дейді ол. Биыл дін өкілдері Ханафи масхабын насихаттау үшін 14 бейнеролик түсіруді жоспарлап отыр. Бұған қоса Т. Ахтанов атындағы драма театр әртістерінің қатысуымен қойылым әзірлемек. Онда жат ағымның жетегінде кеткендердің шеккен зардаптары туралы баяндалады.

    Маман “Ораза ұстағандар көбейсе, террористер көбейеді деген сөз емес“
    Жиын барысында журналистер биыл ораза ұстаушылардың қатары көбейгенін де алға тартты. Маманнан лаңкестік оқиғаның қайталану мүмкіндігі туралы да сұрады.

    -Ораза ұстайтындар биыл ғана емес,одан кейін де көбейеді. Елімізде діни сенім бостандығы болғандықтан, намаз оқушылар да артады. Әлеуметтік желіде ауызашар мен Ораза Айт туралы жариялап жатырмыз. Бұл ораза ұстамайтын адамдарды қызықтырмауы мүмкін емес. Алайда бұл ораза ұстағандар көбейсе, террористер көбейеді деген сөз емес. Лаңкестік қауіптілік- әлемдік деңгейдегі мәселе. Шетелде де, Еуропада болып жатыр. Мәдина қаласында да болды. Қасиетті қалада мұндай оқиғаның болуы масқара нәрсе. Қай жерде қандай нәрсе болатынына ешкім кепілдік бере алмайды,-дейді Бауыржан Есмахан.

    Тыйым салынған кітаптар
    Ақтөбе облысында тек 21 стационарлық орында діни әдебиеттерді таратуға рұқсат етілген.Десе де заңсыз кітап тарататындар жетерлік.

    - Тоқсан сайын шамамен бес- он дана кітап тәркілейміз. Жиі табылатын тыйым салынған әдебиеттердің бірі Абдул Уахабтың “Үш негіз“ деген кітабы. Бұл кітапқа дін істері комитетінен оң қорытынды берілмеген. Бұл кітапты көбіне мұқабасын ауыс-тырып сөрелерге қойып қояды. Протестанттық бағыттағы дін өкілдері де заңсыз кітаптарды жиі таратады Әдебиеттердің мазмұнына Астанадағы дін істері комитетінің орталығында сараптама жасалады-дейді Бауыржан Әбдірашұлы

    Бауыржан Есмахан: Никаб-қазақтың дәстүрі мен дініне жат нәрсе
    Ислам дінінде әйелдерге никаб киюді міндеттейтін айқын дәлел жоқ. Бұл туралы Құран мен хадистерде де айтылмаған. Бұл – арабтардың дәстүрі.Сол елде ғана ер адамдар өз әйелдерінің сұлулығын өзге еркектерден қызғанып, оны некелесу кезінде никаб киюге мәжбүрлейді. Бауыржан Есмаханның сөзінше, оны қазақ еліне алып келу – дәстүрімізге де, дініміге де жат нәрсе. Одан әйелдің сана-сезіміне мұны жеткізгенде ғана құтылуға болады. Ақтөбелік келіншектердің арасында қазір теологтармен әңгімелескеннен кейін қара түсті киімдерін ашық түске ауыстырып жатқандар да бар.

    Бүгінгі күні өзге ағымның жетегінде кеткендер, әсіресе, Кеңқияқ, Шұбар мен Бестамақта көп. Бауыржан Есмахан мұның себебін 2000 жылдардың басында бұл елдімекендерге жалған діни ағымды насихаттайтындардың көп баруымен байланыстырады. Дегенмен Ханафи мазхабын ұстанатындардың қатары әлдеқайда көп. Мешітке келетіндердің 70-80 пайызы да жастар. Айта кетелік, бүгінде облыста 89 діни бірлестік тіркелген. Оның 65-і мешіт,8-і православие,екеуі католик,13-і протестанттық. Бұған қоса дәстүрлі емес “Кришна санасының Ақтөбе қоғамы“ діни бірлестігі де жұмыс істеуде.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Облыста биыл 200-ге жуық адам дәстүрлі исламға оралды
  • Марқұмдарға Құран бағышталды
  • Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық түсіндіру тобының жұмысы қорытындыланды
  • Дін істері комитеті: Жастардың 60 пайызы дін жолында
  • Былтыр 574 ақтөбеліктің 91-і дәстүрлі дінге оралған
  • Пікір
Қызметкер керек
kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге