Кірпіш сатып аламын деп, 4 млн. теңгесінен айырылды

Ақтөбеде тиімді бағамен кірпіш сатып алмақ болған азамат алданып қалып, қомақты қаржысынан қағылды.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

33 жастағы жергілікті тұрғын кірпіш сатып алмақ болады. Ол тиімді бағада сатылатын кірпіш туралы хабарламаны интернеттен көріп, сатушымен телефон арқылы сөйлесекен. Екеуі белгіленген мекенжайда кездесіп, сатып алушы сатушыға 4 млн. теңгесін қолма-қол төлейді. Ал сатушы тауарды жақын арада жеткіземін деп уәде береді. Кейіннен ол қоңырауларға жауап бермей, байланысқа шықпаған. Полиция қызметкерлері 40 жастағы күдіктіні ұстады. Осы факті негізінде ҚР ҚК 190-бабы 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.




Қоғам
16:00, 07 сентябрь 2023
502
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив