Қазнет: Тоқал туралы толғаулар

    Қазнет: Тоқал туралы толғаулар

    Интернетте отыратын ағайын апта басында шу ете қалды. “Амантай қажы 23 жасар жас тоқал алыпты” деген хабар барлық әлеуметтік желіде тарап кетті. Мұндай жаңалықты оқып алған интернет қолданушылары әп дегеннен қызу талқылауға кірісіп кеткен болатын. Көше бойына “Аттан” сөздерін жазумен қатар, ағаш басына шығумен атақты болған Амантай қажы бұрыннан тоқал болатын жас қыз іздеп жүргенін және тоқалдыққа жарайтын қыздың міндетті түрде пәк қыз болуы керектігін жиі айтатын. Қажының осындай талаптарынан хабардар интернет қолданушыларының пікірі бірден екіге жарылды. Олардың бір тобы қажының «еркек екенін» алға тартып, «елудегі еркек қыз алатынын» айтса, екінші тарап қажыны «алжыған қақпасқа» теңеді. Интернет бетін дүрліктірген тоқал тақырыбына қажы әлі нүкте қоймаған тәрізді. Өйткені, Амантай қажының әлі тоқал алмағаны белгілі болды. Жас бойжеткен қажының көңілінен шықпаған сыңайлы. Себебі, ол әлі де тоқал іздеп жүр. Бұл туралы Мұхит Сапарбаевтың “Басты қаһарман” бағдарламасында айтылды деп жазады stan.kz.

    Мұхит Сапарбаевтың бағдарламасына арнап 30 метрлік ағаштың ең биік шыңына шыққан қажы өзінің сүйікті трюгін соңғы үш жылда жасамағанын мо-йындады. Мұнымен қатар, аталған бағдарламаның ұйымдастырушылары оны Моля есімді жас қызбен таныстырған. Қажының өзі Аллаға сенетін, пәк қызды қалайтын көрінеді.
    Алғашында қажы бойжеткенді көріп сасып қалады. Оны көре салысымен жүзіне күлкі үйіріліп, қатты ұялады. “Барлығы бірден болып кетпейді. Мұның қалай?! Әлі көру керек. Бұл қыздан Жаратқан шапағатын аямасын. Бәлкім, мен де оған лайық емес шығармын. Бұл жерде менің ғана қалауым жеткіліксіз. Арада махаббат пен екі ғашықтың арасындағы ерекше байланыс болуы тиіс”, – дейді Амантай қажы.
    Осы уақытқа дейін қажының 4 әйелі бар екен деген қауесет таралған-ды. Десе де, ол осы күнге дейін бір ғана әйелмен көңіл жарастырғандығын айтуда. Моля мен Амантай қажы түсірілімнен кейін Арбатта тағы бір мәрте жолығады. Осы кезде ол жас бойжеткенге сыйлық береді. Десе де, бұл бойжеткен көңілінен шықпаса керек. Себебі, ол әлі де тоқал іздейтіндігін айтқан.

    КІМ ДАТТАЙДЫ, КІМ МАҚТАЙДЫ?
    Амантай қажының жас тоқалы туралы ақпарат тараған бойда-ақ Instagram желісінде қазақстандық шоу бизнес жұлдыздары қажының қылығын жақтауға кірісті. Мәселен, Меруерт Түсіпбаеваның айтуынша, «кәрі қыздар өмірден жалғыз өткенше, бір азаматтың тоқалы болсын»,-дейді. Әнші Амантай қажыға тоқал болуға келіскен қыздың батылдығына сүйсінетінін жазды. «Жас сіңліміздің мұндай қадамға барғаны қуантады, өз басым жүрексінер едім» деген Меруертке ұсыныс білдіргендер болған екен. Алайда, ер жетіп қалған баласы мен туғандары дұрыс түсінбей, қабылдамауы мүмкін екенін жеткізген әнші «тоқал болудың еш әбестігі жоғын» жеткізді.

    Тоқал тақырыбынан ауытқып кетпеген Қайрат Нұртастың продюсері әрі анасы Гүлзира «ұлдарына екінші әйел алмаңдар» дейтінін жазды.
    «Ұлдарыма екінші әйел алмаңдар деймін, себебі келіндерімнің ренжіп, өмірге өкпелі жүргенін қаламаймын» деген әншінің анасы.
    Белгілі әнші, “МузАРТ” тобының мүшесі Сәкен Майғазиевті отбасылы еркектердің етегінен ұстап, көлікті болып жүрген қыздардың, яғни, тоқалдардың жағдайы алаңдатады екен. Бұл туралы өнер жұлдызы Инстаграмм желісінде жайып салды.
    «Қоразданамыз, бірақ ала алмаймыз… Оны мен жұбайыммен өзім шешем, мәселе жоқ. Алам ба, алмаймын ба, оны бір Алла біледі», – деп жазады әнші.
    «Кейбір жігіттер бар, “екінші алмаймын, біреуін қарық қылып алайын” деп жүреді де, екеу емес, үшеуін алады», – деді Майғазиев.
    Мұнан соң музарттық өнер жұлдызы ерлердің көңілдесі болып жүрген қыздардың әрекетін сынға алды.
    «Ойланыңызшы, бір еркек айдаладағы біреуге көңілдес болғаны үшін астына автокөлік әперіп жатады. Тіпті, ол бала да туып бермейді. Қарап отырсаң, халықтың санын көбейтпейді де. Пайдасы жоқ. Қысқасы, бір түндік жас қыздар көп біздің қоғамымызда, заманымызда, Алла сақтасын», деп ашуланды топ мүшесі.

    Ал белгілі продюсер, асқар тау әке Қыдырәлі Болманов алғашында жұбайы Қарақат Әбілдина тоқал алып бергелі жатқанын сөз арасына қосып, кейін онысы әзіл екенін түсіндірді.
    Дегенмен Болманов мырза елдегі ерлердің тоқал алуы былай тұрсын, 3-4 әйелден алуына қарсылық танытпайтынын жазды.
    “Жалпы ақылды дүние ретінде қарап отырсаңыз, осыдан бәленбай жыл бұрын бір жігітке 7-9 қыз келетін мысалға. Қазір бұл одан да көп. Жиырмадан асады. Көрсеткіш өсті. Егер ұлтымызды сақтап, ұрпақ көбейту мәселесін ойлайтын болсақ, әр қазақ 3-4 әйел алып, оны асырап бағып, балаларын өсіру бізге қажет сияқты”, – дейді продюсер өз Инстаграмм парақшасында.

    Ұқсас жаңалықтар
  • ҚАЗНЕТ: КІМ? ҚАЙДА? ҚАЛАЙ?
  • ДЕПУТАТ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ
  • МС Сайлаубек салған ылаң
  • Емшілер Қостанайдан оралды
  • Емші бала Ербосын Ақтөбеге келді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге