Көзінен айырылған ақтөбелік 1 млн. теңге өндірді

Емделушінің сол жақ көзі лазерлік отадан кейін көрмей қалған. Апелляциялық сотқа жүгінген емделуші клиникадан 1 млн. теңге моральдық зиян өндіріп алды. Бұл туралы Ақтөбе облысы сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Аружан СМАҒҰЛОВА

@smagulova__aruzhan

Г. есімді ақтөбелік қаладағы клиникалардың бірінде LASIK әдісімен лазерлік ота жасатқан. Дәрігер ота кезінде сол жақ көз қабығының төменгі бөлігіндегі эпителийді зақымдаған. Сондай-ақ, дәрігер бандажды линзаны қойып, мерзімі өткен препаратты қолданған болып шықты. Сапасыз медициналық көмектің кесірінен Г.-нің сол көзі көрмей қалып, астигматизмге шалдықты. Бірақ дәрігер қайта ота жасауды ұсынғанымен Г. одан бас тартып, Түркияға емделуге барған. Талапкердің арызын бірінші сатыдағы сот қанағаттандырмаған. Сотта тәжірибелі офтальмолог-дәрігер прогрессивті емдеу әдісін пайдаланып, пышақпен емес, фемтолазер сәулесімен ота жасағанын айтып түсіндірді. Сот алқасы отаны офтальмология саласы бойынша сарапшы мамандар жүргізбеген деген шешім шығарды. Г. апелляциялық сотқа жүгінді. Нәтижесінде Г. 1 млн. теңге моральдық зиян өндіріп алды.


Құқық
13:32, 09 январь 2024
625
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив