Әлеуметтік төлемдердің мөлшері артты

Қазақстан Республикасының әлеуметтік Кодексінің 11-бабының 2-тармақшасына сәйкес «2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 19 қазандағы № 925 Қаулысы қабылданған болатын.

Осыған байланысты, жаңа 2024 жылдан бастап асыраушысынан айырылуы және еңбекке қабілеттілігінен айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдердің мөлшері 7%-ға арттырылды. Аталған әлеуметтік төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бюджеттен берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша төлемдер ретінде жүзеге асырылады.

Әлеуметтік төлемдердің мөлшері жеке дара қарастырылады және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының соңғы екі жылда МӘСҚ-на әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысына, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициентіне, асырауындағы адамдар санына, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және табысты алмастыру коэффициентіне байланысты болады.

Ақтөбе облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры Арман Елдесов 




Әлеумет
14:38, 12 январь 2024
514
0
Комментарии (0)
Добавить
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив