Адамның есімі тағдырына әсер ете ме?

    Адамның есімі тағдырына әсер ете ме?

    “Атың кім?” Бұл сұраққа тілі шыққан баланың бәрі жауап береді. Және өмір бойы жауап беруге тура келеді.
    Тоғыз ай, он күн көтеріп, өмірге әкелген құйтақандай тіршілік иесінің аты кім болар екен? Бұл сұрақ тек ата-ананы емес, оның таныстарын да қызықтырары хақ. “Өмірге сәби келді” дегенді естісімен “Ұл ма, қыз ба?” деген сұрақтан соң, бірден “Атын кім қойдыңдар?” деп сұрап жатамыз. Баланың есімі оның келешек тағдырына да үлкен әсер етері сөзсіз. Еркелеткенге ыңғайлы, балаға жарасатын есім болғанымен, “Кәкөш”, “Сәкөш” деген мағынасыз есімді иеленген баланың өскеннен кейінгі өмірі елге күлкі болумен өтуі әбден мүмкін

    “АТЫМДЫ АДАМ ҚОЙҒАН СОҢ...”
    Қазақ халқы балаға ат қоюда көптеген ырым-жоралғыға сенеді. Бұл жағдайда көптен перзент сүймеген отбасында келген бала болса, Сағыныш, Қуаныш деп, ал бала тоқтамаған отбасында бала өмірге келсе Өтеген, Төлеген, Тоқтасын деген сияқты есімдер беретін. Немесе бұған дейінгі балаларын алып қойған әлдекімді алдау үшін Сатыпалды деп ат қойып, оның өтеуі ретінде таныс адамдарының біріне аздаған ақша төлеп ырым етіп, құрбандық шалатын болған. Ол ырымдарының іске асқандығы болар, болмаса жәй кездейсоқтық па, күні бүгінге дейін сондай Сатыпалдылар да өмір сүріп жатыр. Баласы өле берген отбасы кейде кезекті баласының кіндігін балтамен кесіп, атын Балтабай қоятын. Бұл да жоғарыдағы ырымдардың бірі. Сол сияқты өз баласына “көз тиіп шетінеп кетті” деп есептеген кейбір ата-аналар өмірге келген сәбиге ешкім назар аудармасын, сөйтіп, тіл-көзден аман болсын деп Итаяқ, Күшік, Елеусіз, Жаман, Сасықбай деп қоятын болған. Ал үлкен, ұлы адам болсын деген ниетпен, өздері сыйлап, құрметтейтін, ұлы деп санайтын адамның атын қойғанда немесе пайғамбарлардың атын қойған кезде сәбидің ол атын бала ержеткенше жасырып, басқа бір жаман атпен атай тұратын болған.
    Егер қазақ қызының аты Жаңыл, Болған, Тойған, Тоқтаған, Ұлболсын, Ұлжан, Ұлтуған, Ұлмекен болатын болса, оның әпкелері көп деген сөз, себебі көптеген ата-аналар отбасында қыз бала дүниеге келе бергесін сол салттан жаңылсын, енді қыз артынан өмірге ұл келсін деген ниетпен осылай атаған.

    АЯНМЕН ҚОЙЫЛҒАН ЕСІМ
    Ырғыздық Мәрт Нәдір Мұсамали есімді жігіт өз ныс-пысын көршісінің түсі арқылы қойылғанын айтады.
    - Көршіміздің қызы түс көріпті. Түсінде бір қария келіп, наурыздың 13-і күні көршіңіздің үйінде ұл бала дүниеге келеді. Атын Нәдір Мұсамали деп қойсын депті. Бірақ көршіміз оянғанда есімді ұмытып қалады. Ертесіне сол қария тағы түсіне еніп, тағы да жаңағы хабарды айтады. Көршім оянғасын тағы ұмытып қалады. Үшінші күні ояна салысымен газет шетіне жазып алыпты. Әкем ұлды болсам есімін Мәрт қоямын дейді екен. Аянды естігесін, маған Мәрт Нәдір Мұсамали деп азан шақырып, ат қойған,- дейді ырғыздық жігіт.
    Мәрт Нәдір Мұсамалиді былайғы жұрт Мәрт деп атайды екен. Өзінің айтуынша, есімі өміріне кедергі келтіріп көрмеген. Тек алғаш танысқан адамдар бірнеше мәрте қайталап сұрап алады екен.
    - Бірінші рет танысқан адамдар қайталап сұрап, қызығушылық танытады. Қысқартып Мәрт деп жүрмін. Өз есімім өзіме ұнайды, - дейді ол.
    Түс арқылы есім иеленген жалғыз Мәрт Нәдір Мұсамали емес. Ақтөбелік Талғат Қамысбаев тұңғышының есімін түс арқылы қойғанын айтады.
    - Тұңғыш сәбиім болғандықтан, ерекше есім қойғымыз келетін. Қызым дүниеге келер алдында атасы түс көріпті. Түсінде қолына нұр ұстап тұр екен. Ояна салысымен, есімін нұрға қатысты қойыңдар деді бізге. Кейін қызым өмірге келген соң, хаят сөзінің мағынасын іздедім. Араб тілінен аударғанда “өмір” дегенді білдіреді екен. Өмірі нұрлы болсын деп Нұрхаят деген есім бердік. Түріктің осындай сериалы бар екен. Оны кейін білдік,- дейді Талғат Қамысбаев.

    “Өзім өлгенде жоқтайтын бір қыз керек”
    - Бұрын да бір қызы он бір айлығында көз өтіп, соңғы рет “Әке!” деп дауыстап, алақанынан о дүниеге аттанып кеткен әкем осылай дейді екен. Есімімді нағашы әжем қойыпты. Нағашыларым – адайлар. Сол адайда ХХ ғасырдың басында Ақілгек деген апа өмір сүріпті. Өзі өр мінезді, ұлтжанды кісі болса керек. Ақілгектің өзі елдің анасы, балалары Қожеліде жоғары қызметтерде болып, ашаршылық жылдарында барған қазақтарды бауырына тартып, еңбекке араластырып, жетім балаларды үкімет үйлеріне өткізіп аштықтан аман сақтапты. “Көп жақсылық жасаған апамның аты ұмытылмасын, әрі сол кісідей, ұлтжанды болсын, ұзақ жасасын” деген ниетпен нағашы әжем сол кісінің есімін маған қойған екен,- дейді дәрігер болып қызмет ететін Ақілгек Мырзабайқызы.

    “Бала кезімде балмұздақ деп мазақтайтын”
    Қ. Жұбанов университетінің студенті Снежана Төлемісті бала кезінен жақындары “балмұздақ Снежок” деп еркелетеді екен.
    - Қандыағаш қаласында 1998 жылы өмірге келдім. Есімімді туған әжем қойды. Әжемнің құрбысының қызының есімі Снежана екен, банкир болыпты. Қазақ деген ырымшыл халық қой, әжем сол құрбысының қызы секілді банкир болсын деп, есімімді Снежана деп атапты. Қазір танысқан кезде барлығы “қазақсың ба?” деп сұрап жатады. Үйдегілердің барлығы кішкентай кезімде мені “балмұздақ, айран, Снежок” деп атайтын. Өз есімімнен әзірге кедергі көрген жоқпын. Керісінше, адамдар таң қалып, сүйсініп жатады,- дейді студент қыз.

    Есім мен Тағдыр
    Адам аттарын қоюдың өзі сол елдің мәдениеті мен тарихынан хабар береді. Мәселен, қазақ халқында Ислам діні енгенге дейін адамдар дүниеге келген сәбилеріне өздері тәу еткен табиғат құбылыстары мен жан-жануарлардың аттарын беретін боған. Соның әсерінен жауынды күні туған Жауынбайлар, қар жауғанда туған Қаржаубайлар немесе аңға шыққанда көрген аңдармен байланыстырып Аюбай, Қасқырбай, Бөрібай, Құртқа болмаса Айкүн, Аспанбек деген сынды аттарды қоятын болған. Ал қыздарға қойылатын аттардың көпшілігі аспан денелерімен байланысты: Шолпан, Жұлдыз, Күнсұлу. Оның ішінде Ай ерекше сұлулықтың белгісі саналған. Өте ерте кездегі ертегілерде ең сұлу қыз туралы “Ай десе аузы, күн десе көзі бар қыз болыпты” деп суреттелетіндігі осының айғағы. Және бұл үрдіс күні бүгінге дейін жалғасын тауып келеді: Айсұлу, Айман, Айбаршын, Айсара, Айгүл. Негізінде, ғалымдардың пікірінше, осы табиғатпен байланысты есімдер ең ескі есімдерге жатқызылады. Олардың ескі болғандығы сонша, бүгінгі күні түсініксіз болып көрінетіндері де бар. Мәселен, Қобыланды. Былай қарасаңыз түк түсіне алмайтын мағынасыз сөз сияқты, алайда ол “құба оғлан” деген сөзден шыққан, ал көне түркі тілінде “құба” сөзі үнемі қыпшақ сөзімен қатар айтылған, ендеше ол кәдімгі “қыпшақ оғланы, қыпшақ батыры” деген мағынаны беретін сөз болмақ. Осы сияқты айтылғанда өзгеріске түскені болмаса, бұл кезеңдегі көптеген аттар табиғатпен байланысты болып келеді.

    Ислам дінінің келуіне байланысты араб, парсы тілдерінен енген аттар көбейді. Олардың көпшілігін діни кітаптарға қарап, азан шақырып, баланың құлағына үш рет айқайлап атын айтып барып, қоятын болды. Азан шақырылып ат қойылмаған бала махшар күні кім екенін білмей сандалады деген де пікір қалыптасқан кездер болды. Қалай дегенмен де қазақ халқы балаға ат қою мәселесіне ешқашан салғырт қараған емес. Ал ғылыми тұрғыдан алсақ, адам есімін зерттейтін ғылым – антропонимика деп аталады. Ал адам есімдерінің құрамындағы дыбыстардың энергетикасы адамның мінез-құлқына әсер етуі мүмкін дейді филология ғылымдарының докторы, Евразия ұлттық университеті қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры Бекжан Әбдуалиұлы:

    - Қазір Ресей ғалымдары адам есімдерінің құрамындағы әріптердің энергетикасы дегенді зерттеп жатыр. Әр дыбыстың өзіндік әсері болады екен. Мысалы, адам есімінде қатаң дыбыстар көп болса, иесі қаталдау адам болады екен. Дауыс-ты дыбыстар көп болса, мінезі жұмсақ, энергетикасы күшті болады деген тұжырымдама жасап жүр. Бірақ мұның бәрі меніңше шартты нәрселер. Адам тағдыры тура соған байланып қалған ештеңесі жоқ. Мысалы, жапон ғалымдары судың құрамын зерттеген кезде суға қаратып айтқан сөздері бар емес пе? Әр түрлі құтыға құйылған суға “махаббат” деген сөзді айтып, басқасына мешіттегі дұғаны “тыңдатқан”. Сонда әр түрлі дыбыстарды “естіген” судың келбеті өзгеріп, рок музыка тыңдаған судың түрі бұзылып, ал әдемі әуен тыңдаған су сүйкімді мұзға айналған. Адам туғаннан кейін ағзасының 50 пайызы судан тұрады. Тура сол сияқты, бойымызда айналып жатқан қан – сол су сияқты. Мысалы, адам қатты қуанып, бақытты сәттерді басынан кешірген уақытта қанының құрамы дұрысталады. Ал ашуланса қанның құрамы да өзгеріп кетеді. Қанның құрамында улы зат көбейіп кетеді. Оны қазақ “қаны қайнап кетті” деп бір ауыз сөзбен түйіндей салған. Ал есімге келер болсақ, мысалы есімі әдемі адамның қаны да “қуанып тұрады”. Ал құлаққа түрпідей тиетін адамның қаны қайнап, адамның мінез құлқына әсерін тигізіп тұрады. Құлаққа жағымды есімді иеленген адамның қан айналымы да дұрысталады, көңіл-күйі де жақсы болады. Міне, бұдан шығатын қорытынды – балаға мейлінше әдемі, көркем есім берген дұрыс, - дейді Бекжан Әбдуалиұлы.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Света Айтбаева: “Мен әжемнің тұңғыш немересімін”
  • Фариза Төлебаева: Ол кезде бала болсам да, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиындық әлі есімде
  • Үмбетбай УАЙДИН: Сылдырлаған медалім болмаса да, алғыстан құралақан емеспін
  • Ақтөбеде кішкентай Димаш дүниеге келді
  • Ақтөбеде үшемдердің бірі өмірге сүндеттеліп келді
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
ЕЛ АРДАҚТАҒАН ЕКІ ТҰЛҒА – ПҰСЫРМАН МЕН САҢЫРЫҚ
Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге