Алға ауданында 124 адам салафизм бағытын ұстанады

    Ақтөбе облысының Алға ауданында 124 адам дәстүрлі емес дін жолын ұстанады. Өткен жылы теологтардың үгіт-насихат жұмыстарының арқасында 13 тұрғын дәстүрлі исламға қайта оралды. Бұл жөнінде журналистермен кездесу кезінде Алға ауданының әкімі Мавр Абдуллин айтты

    Алға ауданында қазір 40 мыңнан астам адам тұрады. Өткен жылы ана өлімі тіркелмеген. Бала өлімінің де көрсеткіші де аз. Ауданның экономикалық ахуалы да жақсы. Дегенмен аймақта дәстүрлі исламды ұстанбайтындар азаймай отыр. Бір жылдың ішінде тек 13 адам ғана өздерінің адасқанын түсініп, дәстүрлі дінге қайта оралған.

    -Ауданда дәстүрлі емес діни ағымда жүрген 137 адам бақылауда тұр. Өткен жылы “Аңсар-Алға” мемлекеттік емес мекемесі құрылды. Теологтар өзге ағымда жүрген алғалықтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Соның арқасында өткен жылы олардың санын 124-ке жеткіздік. Бұл жұмыстар әлі де жалғасып жатыр. Елдімекендердің діни картасы жасақталды. Яғни әр аудан мен ауылда өзге діни ағымда жүрген адамдардың аты-жөндері анықталып, жұмыс жүргізілуде,-дейді аудан әкімі.
    Бүгінгі күні аудан бойынша 125 ата –ана баласына екпе салдырудан бас тартып отыр. Мавр Ерғалиұлы мұны тек діни себептермен ғана байланыстырмайды.
    -Аудан бойынша 125 балаға вакцинация жүргізу мүмкін болмай отыр. Былтыр үш отбасымен жеке өзім сөйлесіп, екпе алу керектігін түсіндірдім. Нәтижесінде 7 бала екпе алды. Ата-аналардың вакцинациядан бас тартуын тек діни себептермен ғана байланыстырмау керек. Мұнда адами фактор да бар,-дейді ол.

    Қазір Алға ауданында ауыз сумен қамтамасыз ету 89,2 па-йызды құрайды. 32 елдімекеннің 16-сы орталықтандырған ауыз су жүйесіне қосылған. Аудан әкімінің сөзінше, өңірде Көлтабан, Құмсай, Талдысай, Еркінкүш, Кіші тоқмансай, Жерұйық секілді шағын елдімекендер орталықтандырылған ауыз сумен қамтылмай қалған. Қазір бұл мәселе су құбырларын қазу арқылы шешіліп отыр. 15 елдімекеннің халқы көгілдір отынның қызығын көріп отыр. Алдағы уақытта тағы 5 елдімекенге газ тартылмақ. Былтыр ауданда 17 ауыл шаруашылық кооперативтері құрылды. Оның біреуі көкөніс –бақша өсірсе, қалғандары мал шаруашылығымен айналысады. Өткен жылы 277 мал бруцеллезге шалдыққан. Ауру малдар сойылып, еттері қайта өңдеу кәсіпорындарына тапсырылды. Сарып ауруы анықталған 135 аулаға дезинфекция жүргізілді. Ауданда қылмыс та азайған. Алайда пәтер ұрлығы мен ауыр қылмыстардың артқандығы байқалады. Жұмыссыздық мәселесі де шешіліп келеді. Жыл басынан бері 883 адам тұрақты жұмысқа орналастырылған. Алайда аймақта дәрігерлердің жетіспейтіндігі алаңдатады. Осы жылы бұл мәселе шешіліп, Бестамақ, Қайыңдысай ауылдарында дәрігерлік пункт салынбақ.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Радикалды ағымның 300 өкілі дәстүрлі исламға оралды
  • Облыста биыл 200-ге жуық адам дәстүрлі исламға оралды
  • Әйтеке би ауданында 32 көшенің төртеуі асфальтталған
  • Темір ауданының 455 тұрғыны дәстүрлі емес дін жолын ұстанады
  • Темірдің 455 тұрғыны дәстүрлі емес дін жолын ұстанады
  • Пікір
kerek info kerek info
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл

    ^ Үстіге