КӨКТЕМ. АРУ. ГҮЛДЕР

    КӨКТЕМ. АРУ. ГҮЛДЕР

    Әлемнің тұтқасы – әйелде. Әйелдің бәрі әдемі. Әйелдің сұлулығы ақындардан жыр боп құйылса, суретшілердің қаламына шеберлік сыйлайды. Әйел бейнесі – суретшілерді барлық дәуірде қызықтырған ең ыстық, ең шабытты тақырыптардың бірі. Бұл тақырып әйелдің сұлулығы секілді мәңгілік.

    Ақтөбе өнер мұражайында халықаралық әйелдер күніне орай ақтөбелік суретшілердің көрмесі ашылды. Көрмеге жергілікті қылқалам шеберлерінің 30-дан астам жұмысы қойылған. Көрменің негізгі тақырыбы – әйелдің бейнесі. Көрмеге өзінің және 8 сыныпта оқитын ұлының суретін әкелген ақтөбелік суретші Бейсенгүл Көбекова әр туындысына әйел-ана бейнесін арқау ететінін жасырмайды.
    - Сонау, тас дәуірінде адамдар ең алғаш тасқа әйел адамның суретін салған. Ойлаңыздаршы, одан бері жиырма бес мың жыл уақыт өтті. Осы уақыт аралығында әйел заты суретшілердің шабыты болып келеді. Ең алғаш жер жаралып, су аққалы әйелдің сұлулығы өнерлі жандардың басты музасына айналды. Анасын жырламаған ақын, жарын суреттемеген суретші жоқ. Әйел бейнесі – адамзат барда өлмейді,- дейді ол.

    Өз ұлының да суретке, өнерге жақын екенін айтқан Бейсенгүл Көбекова баласын басқа салаға баулымақ та болыпты. Бірақ, ана сүтімен дарыған өнер жас дарынды сурет әлеміне ертіп әкеліпті.
    - Ана дегеннің құдыретін осыдан-ақ біле беру керек. Ана сүтімен бойға дарыған өнер өз дегенін жасады. Ұлым жүрек қалауымен суретші болуға бел байлады,- дейді суретші.
    Аналар, әжелер, ақындар, мұғалімдер, әншілер, әртістер, үй шаруасындағы әйелдердің суреті қойылған галереясы Ақтөбе өнер музейінде бірінші рет ұйымдастырылып отырған жоқ.

    Ерекше стилімен, шығармашылық даралығымен бөлектенген картина иесі Лилия Беликова өз туындысын “Арманда” деп атапты.
    - Әйел жаны қашанда нәзік. Жүрегіміз қашанда арманға толы. Көктем – суретшілердің ғана емес, қыз-келіншектердің де сезімге үйір, жаны балқып, бақытқа құштар болатын уақыты деп білемін. Сол себепті өз туындымды “Арманда” деп атадым,- дейді суретші.
    Езуіне ақ түймедақ қыстырған нәзік қыздың картинасы көрмеге келгендерді бей-жай қалдырған жоқ. Галереяны жағалай суреттерді тамашалап келе жатқан белгілі суретші Орынғали Хайруллин осы картинаның тұсында ұзақ бөгелді. Пікірін сұрадық.
    - Біздер, кәсіби суретші болғандықтан барлық картинаға кәсіби тұрғыда қараймыз. Мысалы, мына картина (“Арманда”, автор Лилия Беликова – ред.) өз арманына қол жеткізе алмаған қыздың образын көрсетіп тұр. Бұл қыз үшін арманы – өмірдегі басты мақсаты. Яғни, арманы мен мақсаты бір. Көптеген адамдардың арманы басқа болғанмен, өмірдегі мақсаты мүлдем өзгеше болуы мүмкін. Ал бұл автордың арманы мен мақсаты үндесіп жатыр. Сондай-ақ, бұл картинаның авторы өте оптимист, өмірге құштар жан,- дейді кәсіби суретші.

    Орынғали Хайруллиннің өзі де көктемгі көрмеге құр алақан келмепті. Арулар мерекесіне орай өзінің 40 жылдық тарихы бар картинасын көрме төріне іліп қойған суретші өмірдің мәні анадан бастау алады деп есептейді.
    - Менің шығармашылығымда әйел образы зор мәнге ие. Ол бір шексіз нәрсе. Қанша тереңдесең де түбіне жете алмайсың. Бұл құпияның шешімін іздеп қаншама ақын – жазушылар, суретшілер еңбек етті. Алайда, менің ойымша әйел образы әлі күнге ашылмаған құпия болып қала береді. Мен көктемгі көрмеге құр алақан келе алмадым. Сол себепті, өз анамның мына бір этюдін ала келдім. Бұл суретті сонау 70-жылдары жас кезімде салған болатынмын. Анам марқұмның ол кезде көзі тірі еді. Бір күні анамның көлеңкеде тыныш қана шәй ішіп отырғанын көрдім. Сол бойда-ақ жалма-жан этюд салдым. Кейін толықтырып, үлкен картина жасадым. Дегенмен, ең бірінші шыққан экспромт этюдім әлі күнге дейін жаныма ыстық. Бұл картинаның салынғанына 40 жылдан асып кетті. Анамның аруағы риза болсын деп, бүгін көктем мерекесіне осы картинамды ала келдім,- дейді ол.
    Көрмеге қойылған жұмыстардың барлығы әйелдің образы мен портретін ашуға бағытталыпты. Суретшілердің өздері де әйелге арналған кез-келген туынды еркін әрі әдемі, шынайы шығатынын мойындайды.
    - Өнер адамы үшін жаныңның тыныштығынан артық нәрсе жоқ. Құлағың тыныш, жаймашуақ жерде отырсаң, соғұрлым өте сәтті туындылар шығады. Жалпы, қай өнер үшін де тыныштық қажет,- дейді суретшілер.

    Көрмеге суретшілердің 30-дан аса туындылары қойылды. Көктем, әйел бейнесі, сұлулық тақырыбы Ақтөбенің атақты суретшілерімен қатар, жаңадан шығармашылықтың сара жолына түскендердің картиналарымен де толыға түсті. Ақтөбелік қыл қалам шеберлері Евгения Сухотина, Бейсенгүл Көбекова, Айдар Еспаев, Ильсияр Казакова және Радина Батпенова, Аурия Байсеуова, Жансая Есенжанқызы сияқты жас суретшілер өз туындыларын қалалықтардың назарына ұсынды. Бұл суретшілердің барлығының басын біріктірген бір ғана тақырып – әйел, ана бейнесі. Себебі әйел – рух, шабыт беруші, әйел – ана, әйел – көктем. Әдемілік пен эстетика үйлесім тапқан көрме 6 сәуірге дейін ашық болады.

    Ұқсас жаңалықтар
  • Атыраулық суретшілердің туындылары алғаш рет Ақтөбеде
  • Қызғалдақ көрмесі ашылды
  • Өнер музейінде “Дала аналарының симфониясы” атты көрме өтіп жатыр
  • Тарихи тақырыптағы сурет көрмесі ашылды
  • Ақтөбеде суретшілердің симпозиумы өтті
  • Пікір
kerek info kerek info
Фотогалерея
Ой-өріс
Әр мамандықтың өсу кезеңі, өлу кезеңі, өшу кезеңі болады.

Мысалы, кассир мен телефонист мамандығы қысқарып қалды. Банктегі кассирлерді терминалдар ауыстырды....

Баян Сәрсембина kerek info

Керек TV
Кейіпкер
kerek info kerek info

Сауалнама

Сіз латын әрпіне көшуді қолдайсыз ба?

дауыс беру
Ауыл
Ең көп оқылған

    ^ Үстіге